Подсудимый учитель физики карагандинской школы №86 Юрий Пак

Прокуратура: Пактың ісінде бұзушылықтар жоқ

15
(Жаңартылды 10:03 29.11.2016)
Қарағандылық физика мұғалімі Юрий Пактың ісі бойынша сараптама жүргізу барысында процессуалдық бұзушылық анықталған жоқ, деп мәлім етті Қарағанды облыстық прокуратурасы.

АСТАНА, 7 қаз — Sputnik. Қарағандылық физика мұғалімі Юрий Пактың ісі бойынша сараптама жүргізу барысында процессуалдық бұзушылық анықталған жоқ, деп мәлім етті Қарағанды облыстық прокуратурасы. 

Юрий Пак 3 қазан күні жалған терроризм үшін екі жылға бас бостандығынан айыруға сотталған. Сотталған мұғалім кінәсін мойындамады. 

"Алты сараптама қорытындысы телефон соққан дауыстың Пакқа тиісілі екендігін растады. Пактың дауыс үлгісін алу барысында процессуалдық бұзушылық анықталған жоқ", — деді Sputnik-ке прокуратурада. 

Қадағалау ведомствосы, Пактың кішкентай баласының болуын және оның жағдайын ауырлататын жайттардың болмауы ескеріліп, ең төменгі жазаны тағайындағандығын, алға таратады.


15
Тақырып:
Мұғалім Юрий Пактың ісі (13)