Оцепление

Алматы облысындағы жол апатынан төрт адам қаза тапты

44
Алматы облысындағы Алматы-Өскемен тас жолында кеше кешкісін көлік апаты болып, төрт адам көз жұмды, тағы сегіз адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sputnik тілшісі.

АСТАНА, 8 қаз – Sputnik. Алматы облысындағы Алматы-Өскемен тас жолында кеше кешкісін көлік апаты болып, төрт адам көз жұмды, тағы сегіз адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sputnik тілшісі. 

Көзбен көрушілердің айтуынша, республикалық тас жолдың 50-шақырымында Lexus, Хонда жəне Hyundai маркалы автокөліктер соқтығысқан. Honda  автокөлігі жолдың қарсы бетіне шығып кеткен деген болжам бар. Облыстық полиция баспасөз қызметі ЖКО дерегін растады. 

Жол апатынан зардап шеккендер Іле ауданы Өтеген батыр елді мекеніндегі ауруханаға жеткізілді.

Көз жұмған төрт адамның екеуі — əйел, екеуі — ер кісі. ЖКО дерегі бойынша қылмыстық өндіріс қозғалды. 


44