Оқиға

Жалған террористер "құрбаны": қарағандылық ЦУМ-ға қайта "мина қойылды"

© Photo : ДВД Карагандинской областиҚарағандылық ЦУМ-д қоршауға алды
Қарағандылық ЦУМ-д қоршауға алды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"ЦУМ" ғимаратында жарылғыш заты қойылды" деген хабар ЖБО 102 нөміріне сағат 16.34-те келіп түсті

АСТАНА, 11 қаз — Sputnik. Қарағандының Орталық универмагы қайтадан саперлер, полиция мен жедел жәрдемнің ерекше бақылау орнына айналды.

"ЦУМ" ғимаратында жарылғыш заты қойылды» деген хабар ЖБО 102 нөміріне сағат 16.34-те келіп түскен. Оқиға орнына жедел қызмет жөнелтілді. Сауда үйінен шамамен 600 адам — сатушы, техникалық қызметкер және келушілер эвакуацияланды. Облыстық ІІД оқу-жаттығу взводының қызметкерлері ғимаратты тінтіп шықты. Жарылғыш зат табылмады. Сағат 17.44-те операция аяқталды.

Полицейлердің хабарлауныша, ер адам қоңырау шалған. Қазір кім хабарласқаны анықталуда.

"Материал сотқа дейінгі тергеу амалдарының біріңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша тіркелді. Бұл бап бойынша 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған", — деп хабарлады Sputnik-ке облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.

Бұл ретте, Қарағанды орталық универмагына «бомба» қойылды деген хабарлама алғаш рет түсіп отырған жоқ. Осындай оқиға  шілдеде орын алды. Ол кезде сауда үйінен 500 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Бірақ жарылғыш зат сол бойы табылмады.

Жаңалықтар
0