Оқиға

ҰҚК: Теракті жоспарлаған радикалды топтың үш мүшесі ұсталды

© Photo : Официальный сайт КНБ РКҚР ҰҚК арнайы бөлімі сарбаздары
ҚР ҰҚК арнайы бөлімі сарбаздары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биылғы жылдың басынан Алматы қаласында ҰҚК органдары 29 радикалды ниеттегі тұлғалардың қылмыстық әрекетінің жолын кесті.

АСТАНА, 11 қаз – Sputnik.  Қазақстанда құқық қорғау және арнаулы органдардың  қызметкерлеріне қатысты террористік актілер жасауды жоспарлаған радикалды топтың үш мүшесін ұстады деп хабарлады сейсенбі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

"2016 жылғы 10 қазанда Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері құқық қорғау және арнаулы органдардың  қызметкерлеріне қатысты террористік актілер жасауды жоспарлаған радикалды топтың үш мүшесін ұстады", — делінген хабарламада. 

Қарулы жауынгерлер - Sputnik Қазақстан
Саясат
Терроризм үшін жаза: "жан-жақты" қаталдану

ҰҚК мәтілемтінше, ұсталғандардан қолдан істелетін жарылғыш құрылғы құрауыштары және детонаторлар, теракті жасауға үндейтін діни-экстремистік материалдар алынды.

Биылғы жылдың басынан Алматы қаласында ҰҚК органдары 29 радикалды ниеттегі тұлғалардың қылмыстық әрекетінің жолын кесті.

Жедел-тергеу іс-шаралары әлі де жалғасуда.

 

Жаңалықтар
0