Оқиға

Үрей туғызған қоңырау

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуҰялы телефон
Ұялы телефон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандағы жалған терроризм үшін қылмыстық жазаның күшейтілгеніне қарамастан, ұялы телефон террористтері "бұзақылықтарын" жалғастыруда

АСТАНА, 11 қаз – Sputnik. Қазақстандағы жалған терроризм үшін қылмыстық жазаның күшейтілгеніне қарамастан, ұялы телефон террористтері  "бұзақылықтарын" жалғастыруда. Және "Бомба орнату" үшін ең ұнамды жер адам көп жиналатын қоғамдық орындар болып отыр. Себептері  әр түрлі, бірақ қисынсыз екендігі сонша – тіпті таң қаласың: дені сау, ақыл-есі дұрыс адамның ойына мұндай дүниелер кіріп те шықпайды.

Осы жыл ішінде елімізде 49 жалған террористтер тіркелген. Қазіргі уақытта олардың біразы темір тордың ар жағында отыр, қалғандары сот үкімін күтуде. Сонымен, бастайық!

Әке, мені жұмысыңа ертіп апаршы

Қарағандылық ЦУМ-д қоршауға алды - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Жалған террористер "құрбаны": қарағандылық ЦУМ-ға қайта "мина қойылды"

2012 жылы 30 наурыз күні Қарағандыдағы Қазыбек би атындағы аудандық соттың сот төрағасы үшін сәтсіз басталды. Ер жеткен баласы таң атпай телефон соғып, жұмысқа тұрғызыңызшы депті. Әкесі қайта-қайта бетін қаққан соң, ұлы кек алуға бел буған екен. Шамамен он минуттан соң, қатты ашуланған бала қаланың төтенше жағдайлар қызметіне хабарласып, әкесі жұмыс істейтін сот залына бомба орнатылғанын айтқан. Жас "телефон террористі" сөзін қайтып алса да, жасаған ісіне жауап беруге тура келді. Қазыбек би аудандық соты өз қызметкерінің баласын екі жылға бас бостандығынан айырды.

Махаббат қайда жетелейді

2014 жылы Оралда болған оқиға. Тергеу барысында анықталғандай, 2014 жылғы 14 желтоқсан күні ер адам сапаржай диспетчеріне хабарласып, сонда қызмет ететін зайыбын телефонға шақыруды сұрайды. Бірақ қызды ешкім шақырмапты, өйткені ол күні жұмысқа келмеген.

Ер адам көп ойланбастан, "112" нөміріне хабарласып, өзін вахабитпін деп таныстырып, сапаржайды жаратынын мәлімдеген. Қоңырау түскеннен бойда диспетчер ақпаратты өкілетті органдарға жеткізіп, оқиға орнына ІІД, ҰҚК қызметкерлері мен жедел жәрдем аттанған. Бес сағаттан кейін ғана құқық қорғау органдары қоңыраудың жалған екенін анықтады. Айыпты ұсталып, өз кінәсін толығымен мойындады.

Сот оны ҚР ҚК 242-ші " Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау" бабы бойынша жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеумен үш жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған.

Қалжың үшін

2015 жығы қарашада Екібастұз қаласындағы Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушісі қалжыңдамақ болған. Жағдай зеріккен құрбылар ортасында орын алды. Қыз өзінің жатақханадағы бөлмесінен телефон соққан. Қоңырау соққан қыз гаджет технологиялары арқылы дауысын өзгерткен. Ол вахтаға телефон соғып, ғимаратта жарылғыш заттың қойылғандығын хабарлаған. Болжаулы жарылыс орнына қаланың ғана емес,, сонымен бірге облыстық төтенше жағдайлар қызметі келіп жеткен.  Әрине жарылғыш зат табылмады, алайда тыныштық кетіп, біршама мемлекеттік қаражат жұмсады.

Қарулы жауынгерлер - Sputnik Қазақстан
Саясат
Терроризм үшін жаза: "жан-жақты" қаталдану

"Әзілкеш қызды" кінәлі деп танып, бір жыл екі айға бас бостандығын айыру жазасын түзету колониясында өтеуге сотталды.

Осыған ұқсас оқиға Астана қаласында бір жыл бұрын орын алды. Астанаға қонаққа келген Алматы облысы Ақкөл қаласының тұрғыны әзілдеп, "102" нөміріне қоңырау шалып, "Сапаржай" автовокзалына жарылғыш зат қойылды деп хабарлады. "Әзілкештің" бұзақылық әрекеті сот үкіміне ұласып, ол жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеумен екі жылға бас бостандығынан айыруға сотталды. Өзін ақымақтыққа бой алдырған кезінде, келіншектің екі кішкентай баласының уақытша болса да анасыз қалатынын ойламағаны өкінішті.

Сені де емдейді

Алматылық "телефон террористінің" ары науқас адамдарды мазалауға барды. Ер адам қалалық ауруханаға "жарылғыш зат" қоюды шешті. Оны, өмір үшін күресіп жатқан жан сақтау бөлімінің аса ауыр хәлдегі науқастар да алаңдатпады. Алматы қаласы Қалқаман қала маңындағы №7 қалалық клиникалық аурухананың қызметкерлері мен емделушілері қауіпсіз жерге көшірілді. Бірақ бомба табылған жоқ.

"Медициналық мекеме корпусын тексеру сағат 9:20-да басталып, 10:40-та аяқталды. Аурухана ғимаратынан 1700 адам қауіпсіз жерге көшірілді, олардың 1100-і медициналық персонал, 600 – пациенттер", — деп хабарлады сол кезде Алматы баспасөз қызметінде. Ер адамның жеке басы бірден анықталып, қазіргі уақытта ол сот үкімін күтуде.

Шығыс Қазақстан облысында жұмыс күндерінен шаршаған мемлекеттік мекемені 27 жастағы қызметкері "102" нөміріне телефон соғып, жұмыс уақытын қысқартпақ болған. Полицияда атап өткендей, «кімнің телефон соққандығын анықтау үшін, бізде техникалық құралдар жеткілікті». Телефон нөмірі мен оның иесі анықталды. Іс сотқа жолданды.

"Батыр" — қала 

Қарағандыға қайта ораламыз. Шахтерлер қаласы, тамаша қала, бірақ оның кейбір тұрғындары бомба қойылды деген анонимді хабарлама жасамаса тұра алмайды.

Суд приговорил школьного учителя Юрия Пака к двум годам лишения свободы по обвинению в лжетерроризме в Караганде - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Юрий Пактың оқушылары: өз өмірін өрнек етіп, оқытатын мұғалімдер көп пе?

Соңғы жылда ғана орталық универмагтың ғимаратын екі рет, бір рет – автовокзалды "миналады". Жергілікті халыққа қызмет көрсету орталығында да сондай оқиға болған. Қарағанды мен Теміртау арасында бағытта жүрген жолаушылар автобусына да "мина" қойылды.

Бірақ бүкіл "жарылыс эпопеядағы" ең аты шулы оқиға 2015 жылғы сәуірде соғылған қырсықты қоңырау болды. Белгісіз біреу плицияға телефон соғып, ЦУМ-ға "бомба" қойылды деп хабарлады. Ары қарай орын алған қоңыраудың салдары бәрімізге мәлім: екі жылға ұстаз сотталды. Әлеуметтік желілер оның кінәсіздігі туралы пікірлерге толы. Сот пен прокуратура өз әрекеттерін түсіндіруге тырысып бағуда. Бірақ бұл іске ақырғы нүкте, бәлкім, істі апелляциялық алқаның қарауынан кейін ғана қойылар.

Жаңалықтар
0