Румыния құрама командасы

Ұрлық болды ма: Астанада румын футболшылары ұшыраған оқиға

12
(Жаңартылды 12:55 12.10.2016)
Ұрлық туралы хабар Rixos қонақ үйі администрациясынан 11 қазан күні кешке Қазақстан мен Румыния құрамалары матчы басталар алдында түскен.

АСТАНА, 12 қаз — Sputnik.  Астанада 2018 жылғы әлем чемпионаты іріктеу турнирінің Қазақстан-Румыния матчы төңірегінде қызық жайт орын алды. Матчтан кейін румындық портал Gsp.ro былай деп жазды: "Қазақстан – таңғажайып жер. Бізді қонақ үйде де, алаңда да тонап кетті".

Sputnik Қазақстан агенттігіне Астана ІІД хабарлағандай, ұрлық туралы хабар Rixos қонақ үйі администрациясынан 11 қазан күні кешке Қазақстан мен Румыния құрамалары матчы басталар алдында түскен.

"2016 жылы 11 қазанда сағат 18:25-те Астана қаласының ІІД жедел басқарма орталығының "102" пультіне  Rixos қонақ үйі администрациясы қызметкерінен хабар келіп түскен. Хабарда Румыния құрмасындағы бес ойыншының жеке заттары (планшет, ақша, ұялы телефон) жоғалғандығы айтылған. Футболшылардың өздері арыз бермеді. Аталған факт ҚР ҚК 188-бабы "ұрлық" бойынша сот алды тергеудің бірыңғай реестріне тіркелген", — деді полицияда.

Бірақ, Rixos қонақ үйінің бас директорының өкілі айтып өткендей, ешқандай ұрлық болмаған, қонақ үйдегі бақылау камераларындағы деректер бойынша бөлмелерге футболшылардың өзінен басқа ешкім кірмепті.

Ұрлық фактісі бойынша полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізуде.  


12