өрт сөндіруші

Алматыда тұрғын үйлер мен сарайлар өртенді

16
Алматыда бірден бірнеше тұрғын және шаруашылық құрылыстарын шарпыған ірі өрт болды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Алматы төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

АСТАНА, 12 қаз – Sputnik. Алматыда бірден бірнеше тұрғын және шаруашылық құрылыстарын шарпыған ірі өрт болды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Алматы төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Төтенше жағдай қаланың Медеу ауданы  Черкасск қорғанысы көшесінде орын алды.

Өрт көппәтерлі тұрғын үйді, қасына салынған бір қабатты көппәтерлі тұрғын үйді және жалпы ауданы 1200 шаршы метрді құрайтын бір-біріне қосыла соғылған ағаш сарайларды шарпыды. Оқиға орнына сағат 18.20-де келіп жеткен өрт сөндірушілер 60 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Өрт 19.20-да ауыздықталды.

Сонымен қатар Алматы орталығында жұмыс істемейтін, демонтаж жасалып жатқан қонақ үй өртенуде.

16