Оқиға

Астана прокуратурасы ұрлық ең көп жасалатын сауда ойын-сауық орталықтарын атады

Жазылу
Астана прокуратурасы сол жағалауда орналасқан ұрлық ең көп жасалатын сауда ойын-сауық орталықтарын атады.

АСТАНА, 16 қаз — Sputnik. Есіл ауданының прокуратурасының деректеріне сәйкес, ұрлық барлық қылмыстық құқықбұзушылықтардың жарысын құрады. Атап айтқанда, 8 айда бөтен тұлғаның мүлкін жасырын ұрлау бойынша тіркелген фактілер — 2 мың 677 немесе 55,3 % құрайды. 

Есіл ауданының аумағында 5 СОСО орналасқан ("Хан шатыр", "Азиа парк", "Керуен", "Мега Астана", "Сарыарқа" СОСО). СОСА жаппай бару қылмыстық сыбайластық үшін жеңіл табыс болып табылады.

2016 жылдың 8 айындағы Астана қаласының сауда ойын-сауық орталықтарының аумағындағы криминогендік жағдайлар мынадай: "Хан шатыр" СОСО аумақында – 137 ұрлық жасалды (2015 ж. — 174), аяқталғаны —32. "Мега" СОСО аумақында — 52 ұрлық жасалды (2015 ж. — 71), аяқталғаны– 8. "Сарыарқа" СОСО аумақында — 24 ұрлық жасалды(2015ж.-23), аяқталғаны- 3. "Азия парк" СОСО аумақында — 37 ұрлық жасалды (2015ж.-34), аяқталғаны — 4. Керуен" СОСО аумақында — 70 ұрлық жасалды (2015ж. — 109), аяқталғаны- 4. 

Барлық бес сауда ойын-сауық орталықтарының аумағында 8 айда 320 ұрлық жаслады (2015 ж. — 411). Соның ішінде "Хан шатыр" СОСО мен "Азия парк" СОСО тіркелген ұрлық саны әр түрлі, оның негізгі басты себебі осы СОСО келушілердің санына байланысты.

Мысалы, "Хан шатыр" СОСО жұмыс күндері келушілердің саны шамамен 40-50 мың адамға, ал демалыс және мейрам күндері 120 мың адамға жетеді, "Азия парк" СОСО жұмыс күндері келушілердің саны шашамен 3-5 мың адам болса, ал демалыс және мейрам күндері 10-15 мың адам шамасында болады.

Азаматтардың ұрланатын мүлік түрлері көбіне телефондар, әмиандар мен қапшықтар болып табылады. Осы жағдайлар бірінші кезекте адамдардың заттарына ұқыпсыздығы мен немқұрайлылығы салдарынан туындайды, осы жағдайды ұрылар да пайдаланады.

"Бейне бақылау камераларының жазбаларының сапасы көбіне түріне қарап адамды көзбен шолып сәйкестендіруге мүмкіндік бермейді, сондай-ақ орталық бақылау пунктінде монитор бойынша 2-3 қызметкер тағайындалғандықтан бейне бақылау камерасының көмегімен ұрлық факторларын оперативтік айқындау және бұлтартпау тиімділігі төмен", — деп мәлімдейді прокуратурада. 

СОСО күзет орындарын қою қылмыскерлерге профилактикалық ықпал етеді, ал олардың болмауы олардың қылмыстық ниетін белгілейді.


Жаңалықтар
0