Оқиға

Рахтың ісі бойынша жәбірленуші шағымынан бас тартты

© Cтраница Лилии Рах в InstagramЛилия Рах
Лилия Рах - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Лилия Рах Өзбекстан азаматын ұрлады деген айыппен тұтқынға алынған

АСТАНА, 18 қаз — Sputnik. Лилия Рахтың ісі бойынша жәбірленуші Хамро Суванов кәсіпкерге шағымы жоқ екенін мәлімдеп, оған қатыстық қылмыстық істі тоқтатуды сұрады. Бұл туралы дүйсенбіде басталған Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында өтіп жатқан алдына ала тыңдауда белгілі болды. 

Танымал қазақстандық кәсіпкер Лилия Рахтың ұсталғандығы туралы тамыздың аяғында белгілі болды. Тергеудің болжамы бойынша, 2016 жылдың 9 шілдесінде 33 жастағы Өзбекстан азаматының жоғалып кеткендігі туралы полицияға арыз түскен. Полиция айыпталушылардың Өзбекстан азаматын ұрлап, қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінде қамауда ұстағынын анықтады. Оны Алматы әуежайы аумағынан ұрлап кеткен. Кейіннен ұрлан кісі Рахтың бизнес серіктесі Хамро Суванов деген хабар таратылды. 

Рахтан бөтен бұл іс бойынша сот алдында жауап беріп жатқан зергерлік үйінің иесі Мири Паз, Ислам Месиров және Бахыт Шалбаев.Олардың барлығы қамауға алынған. Алдын ала тыңдаудың алғашқы күні Рах пен Паздың адвокаттары қорғалудағыларға қатысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрап, сонымен қатар бұлтарпай шарасын кепілақыға босатуды немесе үй қамағына ауыстыруда сұраған. Адвокаттардың айтуынша, Рахқа Қазақстанға белгілі бірқатар қайраткерлер кепілдік берген. 


Жаңалықтар
0