Оқиға

Аусыл жойылмайды: Қазақстан Ресейден келетін ет пен сүтке шектеу қойды

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтует өнімдері
ет өнімдері - Sputnik Қазақстан
Жазылу
25 қазаннан бастап Владимир облысының ауылынан ет, сүт және сүт өнімдерін кіргізуге шектеу енгізілді.

АСТАНА, 25 окт — Sputnik. Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі Ресей Федерациясының ауылдарының бірінде аусылдың тіркелуіне байланысты ресейлік ет пен сүтті кіргізуге шектеу қойды, деп хабарлады ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2016 жылғы 20 қазанда Халықаралық эпизоотиялық бюроның ресми нотификациясы бойынша Ресей Федерациясы Владимир облысының Вышманово ауылы аумағында аусыл ауруы (Foot and mouth disease) тіркелген. Владимир облысы 2016 жылы ХЭБ-мен аусыл ауруынан вакцинациясыз ерікті аймақ құрамына жататындығын ресми түрде иеленген.

ХЭБ-ның Жер беті жануарлар санитарлық кодексінің 8.8.2 бабына сәйкес аусыл ауруына қарсы вакцинация (егу) жүргізілмейтін, аусыл ауруынан бос аймақтың талаптарының біріне белгіленген аймақта аусыл ауруының соңғы 12 ай ішінде тіркелмегендігі болып табылады.

Жоғарыдағыны ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті 2016 жылғы 25 қазаннан бастап Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына төмендегі тауарлар кіргізуіне уақытша шектеулер енгізеді: аусылға бейім жануарларды; сиыр етін; шошқа етін; қой етін; сүт және сүт өнімдерін; жылулық өндеуден өткен дайын өнімдер; аусылға бейім жануарларды союдан алынған тағамға қолданылмайтын шикізаттар мен бұйымдарын; аусылға бейім малдарды ұстауға, союға және өңдеуге қолданылған жабдықтарын; жануарларға арналған азықтар мен азықтық қоспалар.


Жаңалықтар
0