Өзенге құлап кеткен автокөлік

Жоғалып кеткен Астана тұрғынының өлі денесі Қарағандыдағы өзеннен табылды

151
Қарағанды облысының су қоймаларының бірінен полицейлер автокөлік тапты, оның ішінде ер адамның өлі денесі жатқан.

АСТАНА, 31 қаз — Sputnik.  Қарағанды облысының полицейлері жоғалып кеткен ер адамды өлтіруі мүмкін күдіктіні ұстады деп хабарлады облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Полиция хабарлағандай, 40 жастағы астаналық азамат көлігіне отырып Қарағанды облысына кеткеннен кейін із-түссіз жоғалып кеткен. 

Қарағанды облысының су қоймаларының бірінен полицейлер автокөлік тапты, оның ішінде ер адамның өлі денесі жатқан. 

Бұл факті сот алды тергеулердің бірыңғай реестрінде ҚР ҚК 99-бабы 1- бөлігі "Кісі өлтіру" бойынша тіркелген. 

Жедел іздестіру шаралары барысында 30 қазан күні полицейлер 30 жастағы Абай қаласының тұрғынын ұстаған, күдікті кісі өлтіргенін мойындады. 

Күдіктінің айтуынша, ер адамды жек көргендіктен 23 қыркүйек күні өз пәтерінде өлтірген. Одан кейін қылмысын жасыру үшін өлі денені су қоймасына апарып тастаған. 

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу ісі жүргізілуде.  

 

 

151
Загрузка...