Оқиға

Жаманқұлов "Феникс" фильмінің қаражатын жымқырғанын мойындады

© Photo : arnapress.kz Тұңғышбай Жаманқұлов
Тұңғышбай Жаманқұлов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Актер шығынды ішінара өтеп, қылмыстық жауаптылықтан босату шарасын қолдану туралы өтініш жазды.

АСТАНА, 4 қар — Sputnik. Танымал қазақстандық актер Тұңғышбай Жаманқұлов "Феникс" фильмінің түсіріліміне бөлінген бюджеттік қаражатты жымқырғанын мойындады, осыған орай ол кепілақымен босатылады, деп хабарлайды Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бюросы.  

"Жақында ұсталған Жаманқұлов өзінің қорғаушысының қатысуымен "Феникс" фильмінің түсіріліміне бөлінген бюджеттік қаражатты жымқырғанын толық мойындады және өз айыбына өкініп, келтірген шығынды өтеуді мойнына алды", — деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте.

Жаманқұлов қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырғанын растады және бюджеттік қаржатты жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын мәлімдеді. Сондай-ақ  ол  ҚР ҚК 65-бабына сәйкес, кепіл төлеу арқылы шынайы өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату шарасын қолдану туралы өтініш жазды. 

3 қарашада Жаманқұлов шығынды ішінара өтеді және оның қоғамдағы орны, жасы және кепілзат төлегені назарға алынып, Жаманқұловқа қатысты "кепіл" шарасы қолданылды. Шынайы өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату туралы өтініш Жаманқұлов, Юдина және Ысқақова келтірілген шығынды толық өтеген соң қаралады. 

Танымал актер Тұңғышбай Жамақұлов 2 қарашада аталған қаржыны жымқырды деген күдікпен Тұңғышбай Жаманқұлов ұсталған болатын.


Жаңалықтар
0