Құбырларды жаңарту

Ақмола облысында слесарь топырақ астында қалды

9
Траншеяға құбыр тартып жатқан 46 жастағы ер адам сол жерде көз жұмды. ТЖ фактісі бойынша тексеру жүргізілуде.

АСТАНА, 10 қар — Sputnik. Ақмола облысында құрылыс жұмыстары кезінде слесарь топырақ астында қалды, жұмысшы бірден қаза тапты деп хабарлады ТЖ жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі.

Оқиға 9 қараша күні Ерейментау ауданы Торғай аулында болған.

"Траншеяға диаметрі 50 мм құбыр тарту барысында 1970 жылы туылған ер адам топырақ астында қалды. Нәтижесінде жұмысшы сол жерде қаза тапты", — деп мәлімдеді ТЖД.

Полиция ер адамның денесін мәйітханаға жіберіп, сараптама тағайындады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

9