Қоршауға алу

Алматы облысында бес адам ажалды жол апатының құрбаны болды

20
(Жаңартылды 21:48 25.11.2016)
Алматы-Бішкек тас жолында ажалды жол апаты орын алды. Оқиға орнында екі көліктің де жүргізушілері мен үш жолаушы қаза тапты.

АСТАНА, 10 қар – Sputnik. Алматы облысында екі көліктің соқтығысу салдарынан, бес адам қаза тауып, тағы алтауы ауруханаға жеткізілді. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстанға ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады. 

Оның сөзіне қарағанда қайғылы жағдай 9 қараша күні сағат 22.50-де орын алған. 

Mercedes  жәнеToyota Previa автокөліктері Алматы-Бішкек автожолының 140-шы шақырымында Ақтерек ауылынан 30 шақырым жерде соқтығысқан.

Апат салдарынан екі жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында жан тапсырды. Алты кісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, деп түйді Иманқұлов.  


20