Жан сақтау бөлімі

Дәрігерлер: Ақтаулық қызды емдеуде эксперименталды әдістерді пайдалану мүмкін емес

38
(Жаңартылды 23:59 10.11.2016)
Ақтауда зорлықтан жапа жеккен қыздың жақындары оның өмірін араша алып қалу үшін барлық мүмкіндіктерді жасауды сұрап отыр, алайда ұсынылған эксперименталды әдістердің бірін зерделеген дәрігерлер олардың тиімділігі дәлелденбеген дейді.

АСТАНА, 10 қар – Sputnik. Назарбаев университеті мен “University Medical Center" мамандары зорлаудан кейін ауыр комаға түскен Ақтаулық қыз үшін эксперименталды әдістерді қолданбаудағы өз дәлелдерін жеткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

University Medical Center (UMC) баспасөз қызметімен таратылған ақпаратта хабарланғандай, туыстарының өтінішіне сәйкес, бас миының өлімі диагностикалаған емделушінің жүйке жүйесінің қызметтерін қайтару бойынша технологиялар іздеуге бағытталған Reanima ғылыми жобасы аясында "Бас миының мульти модальды транскраниалды ынталандыруы" хаттамасын клиникалық сынақтан өткізуге емделушіні қатыстыру туралы мәселе қаралған. Ол бағаналық жасушаларды интратекталды енгізуден, био белсенді пептидтерді тамырмен енгізуден,  бас миды электр және лазерлік ынталандырудан тұрады.

Бұл ретте ақпаратта атап көрсетілгендей, АҚШ-тың зерттеу тобымен жүргізілген келіссөздер барысында, бұл ғылыми жобаның өз дамуының алғашқы кезеңінде екендігі түсіндірілген. Бүгінгі таңда бұл технологияны адамға пайдалану мысалы жоқ, оның үстіне бас миы зақымдану механизмі бар балаларда. 

Назарбаев Университеті медицина мектебінің деканы, профессор Масим Пиньятеллидің пікірінше, мұндай жағдайдағы баланың хәлін жақсартуға мүмкіндік беретін әдістер жоқ.

"Бұл біздің қандай да бір әдісті пайдалану мүмкіндігіміздің жоқтығында емес, бар болғаны дүние жүзінде бұл жағдайда пайдалануға болатын дәлелденген әдістің жоқтығында. Біз науқасты емдеу бойынша әдіс ұсынған жеке шетелдік компаниядан ұсыныс алдық. Бірақ біз бұл әдістің шын мәнінде тиімді болатынын ғылыми тұрғыдан растайтын дәлел алған жоқпыз", — деді Пиньятелли Астанада өткен брифинг барысында. 

Сонымен қатар, оның айтуынша, бұл әдісте ұсынылған заттардың токсиндік ықпалы да үлкен күмән туғызады. Ал емделуші үшін қауіпсіз емес әдістерді пайдалану мүмкін емес.   


38