кенші

Сарандағы шахтада ТЖ: үш кенші қаза тапты

9
(Жаңартылды 23:44 10.11.2016)
Компания болған оқиғаның мән-жайын кештеу хабарлайды

АСТАНА, 10 қар – Sputnik. Бейсенбі, 10 қараша күні "Саранская" шахтасында орын алған қайғылы оқиға салдарынан үш жұмысшы қаза тауып, бесеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға "АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметінде. 

Баспасөз қызметінде нақты не болғанын айта алмады. Барлық мән-жайлардың кейінірек хабарланатыны айтылды. 

Зардап шеккендердің бірінің жағдайы ауыр деп бағалауда. Оқиға орнына оқиғаның мән жайын анықтайтын арнайы комиссия кеткен. Тергеу нәтижелері комиссия жұмысы аяқталған соң белгілі болады. 

"Саранская" шахтасы Қарағанды облысының Сарань қаласында орналасқан, ол жерде 1955 жылдан бастап көмір шығарылады. 


9
Тақырып:
"Саранская" шахтасындағы ТЖ (6)