шахта

Дереккөз: Сарандағы шахтада кеншілер мінген арба құлап кетті

13
(Жаңартылды 23:17 10.11.2016)
Үш зардап шеккен адам ауыр хәлде жатыр

АСТАНА, 10 қар — Sputnik. Қарағанды облысындағы "Саранская" шахтасында орын алған төтенше жағдайдың себебі адамдар мінген арба арқанының үзіліп кетуінде болған, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға жағдаймен таныс дереккөз. 

Агенттікте бар мәліметтерге сәйкес, ТЖ  жергілікті уақытпен бейсенбі күні сағат 15.00-де орын алған. "Арқан үзіліп, адамдар мінген арба төменге құлап кетті. Үзілу себебі белгісіз", — деп хабарлады дереккөз. 

Оқиға салдарынан үш адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған. Алдын ала болжам бойынша үш адам ауыр хәлде, тағы екі адамның жағдайы орташа дәрежелі ауырлықта. 

1959, 1960, 1983 жылы туылған үш кенші қаза тапты. 1961, 1964, 1969, 1971 және 1983 жылдары туылған үш жұмысшы зардап шекті. 

Бұрын "АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға орнына оқиғаның мән жайын анықтайтын арнайы комиссия кеткен. Тергеу нәтижелері комиссия жұмысы аяқталған соң белгілі болады. 


13
Тақырып:
"Саранская" шахтасындағы ТЖ (6)