Оқиға

Қазақстан полициясы баланы ұрып соғу сәті түсірілген тағы бір бейнежазбаны зерттеуде

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтусәби
сәби - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтік желіде әйелдің сәбиін ұрып соққан сәті түсірілген бейнежазба тарап кетті.

АСТАНА, 11 қар – Sputnik. Қазақстанның полиция қызметкерлері бейтаныс әйелдің баланы ұрып соғу сәті түсірілген тағы бір бейнежазбаны зерттеуде, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев. 

Сот - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Павлодарда анасынан таяқ жеген қыз сот ісі біткенше әкесінің қолында болады

Бейнежазбаның кейіпкері қатты жылап жатқан сәбиге "жап аузыңды" деп қазақша ұрсып, соғып жатыр. Бейнеге жазылған жазбада сәбиді ұрып жатқан, оның туған анасы. Кадрды интернетке жариялаған пайдаланушының хабарлауынша, соққыға жығылып жатқан сәбидің есімі Айару, қазіргі уақытта бейнежазба кейіпкерінің аяғы ауыр. 

"ІІМ өкілдері видеода сәбиді ұрып-соғып жатқан әйелді анықтау мақсатында барлық шараны қолданып жатыр. Кейінірек оқиғаның мән-жайы анықталған соң, осы іске процессуалдық баға беріледі. Видео зерттеліп жатыр", — деді Сәдубаев Sputnik-ке телефон арқылы.

Оның айтуынша, әйелдің әрекеттеріне процессуалдық баға оқиғаның барлық мән-жайы анықталған соң беріледі. 


Жаңалықтар
0