Оқиға

ЭКСПО-2017-дегі ТЖ: конструкция қытай металлынан жасалған

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаЭКСПО-дағы ТЖ
ЭКСПО-дағы ТЖ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
BI Group басшысының болжамына сәйкес, ЭКСПО-дағы конструкцияның құлауына сапасыз материал мен қатты аяз себеп болған болуы мүмкін

АСТАНА, 17 қар — Sputnik. ЭКСПО-2017 көрмесінің аумағында құлаған конструкцияның металлы Қытайда жасалған, деп хабарлады осы элементті құрумен айналысқан BI Group құрылыс компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев. 

2016 жылғы 16 қарашада ЭКСПО-2017 көрмесінің аумағында екі павильон ортасындағы декоративтік көпірлік конструкция құлады. Ресми мәліметтерге сәйкес, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұрын хабарланғандай конструкция бір ай бұрын аяқталған. Оқиғаның ақырғы себебі анықталған жоқ. 

Рахымбаевтың ақпараттандыруына сәйкес, алдын ала болжам бойынша конструкция аязда металлдың сығылысуына шыдай алмаған. Бұл құжатта көрсетілген беріктігі тұрғысында металдың химиялық құрамының сәйкес келмеуінен аязды күнде металдың сығылысуына шыдай алмағаннан орын алды. Дегенмен, металл мен оны пайдалану шаралары негізінен аязды және ыстық күндер кезінде сығылысу мен ұлғаюды есепке ала отырып ескеріледі. Соңғы шешімді сарапшылық комиссия жасайтын болады.

"Бірінші кезекте металдың химиялық құрамына талдау жасалады. Бұлар Қытайдан жеткізілген екен. Осы секілді металдан көрме аумағындағы басқа да нысандар салынды. Зертханалық талдамалардың қорытындысын күтеміз", — деп жазды Рахымбаев өзінің Facebook-тегі парақшасында. 

Компания басшысы, конструкцияның сәулеттік-декоративті элемент болып табылатынын атап өтті. Оны құрастырумен және монтаждық жұмыстармен келісімшарт бойынша еліміздегі ең кәсіби компания – "Имстальком" айналысты. 

"Біз кәсіби құрылысшылар ретінде қазірдің өзінде олардың жоғары біліктілігі мен құзыреттілігіне күмәнданбаймыз. Сондықтан біз кеше де, қазір де жауапкершілікті олардың мойнына іліп отырған жоқпыз», — деді Рақымбаев.

Оның атап өтуінше, фотосуреттерге мұқият қараған кезде, одан конструкцияның дәнекерленген жерінен немесе монтажды тіреуіштерінен сынбағанын байқауға болады. Бұл ретте суреттен конструкцияны кесіп тастаған секілді көрініп тұр.

Сонымен қатар ол шығынды өтеу тақырыбына тоқтала келе, компания осы бұзылған аралықты қалпына келтіретінін жеткізді. Белгілі болғандай, құрылыс-монтаждау жұмыстары сақтандырылған екен, сақтандыру компаниясы өтемақыны төлеп, келтірілген залал қалпына келтіріледі.

Жаңалықтар
0