Оқиға

Әуесқойлық бокста Головкинді соққан боксшы жекпе-жектен кейін комаға түсті

© Photo : Официальный аккаунт Эдуарда Гуткнехта в FacebookЭдуард Гуткнехт
Эдуард Гуткнехт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әуесқойлық рингте Геннадий Головкинді соққан неміс боксшысы Эдуард Гуткнехт Лондонда ұпай бойынша жеңіліс тапты.

АСТАНА, 21 қар — Sputnik. Қазақстанда туылған неміс боксшысы Эдуард Гуткнехт Лондондағы жеңілісінен кейін жасанды комаға түсірілді, деп жазады L'Equipe

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Санчес: GGG қарсыласын нокаутқа түсіріп атағын қорғаудан Хопкинс рекордын жаңартады

Қазақстанда туылған 34 жастағы неміс боксшысы Эдуард Гуткнехт ұпай бойынша немістің жеңілісімен аяқталған Джордж Гровсқа қарсы жекпе-жекте жұма күні бас жарақатын алды. 

Гуткнехт киім ауыстыратын бөлмеде есінен танып қалып, жасанды комаға түсірілді. Сол түні оған ота жасалды. 

Эдуард Гуткнехт 1982 жылғы 19 наурызда Қазақстанның Жетісай қаласында дүниеге келген. Алайда он бір жасында отбасымен бірге тарихи отаны Германияға оралған. 


Жаңалықтар
0