Оқиға

Ақтөбелік лаңкестер соттан өздерін өмір бойына бас бостандығынан айырмауды сұрады

© Sputnik / Владимир ФедоренкоТүрмедегі адам
Түрмедегі адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Теракті жасады деп айыпталғандар жасаған әрекеттерінде өкініш білдіріп отыр. Сот үкімі 28 қарашада шығады.

АСТАНА, 21 қар — Sputnik. Ақтөбеде теракті жасады деп айыпталғандар соттан өздерін өмір бойына бас бостандығынан айырмай, отбасыларын оралу мүмкіндігін беруді сұрады, деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі. 

"Сот сотталушылардың соңғы сөзін тыңдап, кеңесу бөлмесіне кетті. Бірқатар қылмыстар, оның ішінде террористік акт жасады деп айыпталған сотталушылар, соңғы сөзінде әрекеттеріне өкінетінін айтып, оларға өмір бойына бас бостандығынан айырмай, отбасыларына, балаларына оралуға мүмкіндік беруді сұрады", — делінген хабарламада. 

Террористік актіге қатысушылар Жұмабнов А.Ж. мен Абдрахманов А.А. да соттан қатаң жаза тағайындамауды сұрады. 

Сот балғасы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ақтөбедегі теракті ісі бойынша үкім 28 қарашада шығарылады

Қылмыс туралы хабарламау және жасыруда айыпталғандар әрекеттеріне өкініп, бас бостандықтарынан айырмауды сұрады.  

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс бойынша үкім 28 қарашада жарияланады. Бұрын хабарланғандай, соттық сөз жарысы барысында, мемлекеттік айыптаушы, террористік акт жасады деп айыпталған тоғыздың жетеуін кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеумен, жазасын ерекше тәртіптегі колонияда өтеуге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесуді сұраған.

2016 жылғы 21 қарашада сотталушылардың соңғы сөздері тыңдалады.  Сот отырысы басталғалы бері, 24 қазан мен 3 қараша аралығында 65 жәбірленуші мен 41 куәгерден жауап алынды. 31 қазаннан бастап сот сотталушылардан жауап ала бастады. Бүгінгі таңда 29 сотталушының 13-інен жауап алынды. Олардың 9-ы бірқатар қылмыс жасады деп айыпталып жатыр, сол айыптардың ішінде теракт ұйымдастыру да бар. Ал төртеуі қылмыс туралы хабарламады деп айыпталуда. 


Жаңалықтар
0