Оқиға

ШҚО тұрғыны он бес жыл бұрын кісі өлтіргенін мойындады

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуӘйел
Әйел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйел кісінің өзі ішкі істер бөліміне келіп, он бес жыл бұрын күйеуін өлтірген мойындады. Әйелдің айтуынша, ол жасаған әрекеттері үшін ұжданы алдында азап шеккен.

АСТАНА, 25 қар – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Риддердің 61 жасар тұрғыны қараша айының басында кісі өлтіргенін мойындап полицияға келген. Оның мойындауынан бір күн бұрын тәртіп сақшылары әйелдің үйіне келіп, оның он бес жыл бұрын хабар ошарсыз кетіп, сотпен ресми түрде өлді деп танылған күйеуі туралы сұрастырған, деп хабарлайды YK-news.kz. 

Риддерлік ҚІІБ тергеушісі Денис Симоновтың айтуынша, полиция қызметкерлері өткен жылдардағы қылмыстарды ашумен айналысып жатқан. Күдіктілердің бірі туралы білу үшін зейнеткерге жүгінген. 

Оның күйеуі 2001 жылы хабар ошарсыз кетіп, төрт жылдан кейін өлді деп танылған. Полиция қызметкерлері кеткеннен кейін бірнеше сағат өте салып, әйел өзі ішкі істер бөлімшесіне келген. Кезекшіге кісі өлтіру айыбын мойындауға келгенін айтқан. Жоғалып кеткен күйеуі ауласында көмілген болып шықты. Полиция қызметкерлеріне күйеуінің ішімдік ішіп, соққыға жығып тұратынын айтқан. 

Тергеу болжамы бойынша, 53 жасар ер адам 2001 жылы 13 маусым күні кешке үйіне мас болып келген. Ол кезде жасы 46-да болған әйел ас үйде болған. Одан кейін күйеуі шу шығарып, балағат сөздер айтып, әйелін ұрып соға бастаған. Жәбірлеушіден қорғану үшін әйел қолына түскен  затты алған. "Әйел, өзінің мойындауы бойынша күйеуінің басынан жез келімен соққан. Одан ер адам одан сайын ашуға мінген. Сосын әйел ауыр жез келімен тағы екі рет күйеуінің басынан соққан. Ер адам жерге құлаған, ал әйел басқа бөлмеге кеткен", — деді тергеуші. 

Жиырма минуттан кейін ас үйге оралған әйел жұбайының өлгенін түсінген. Қорқып қалған әйел мүрдеден құтылу туралы шешім қабылдаған. Оны көрпеге орап, моншаның жанына көміп қойған. Бірнеше ай өткен соң полицияға күйеуінің  жоғалғандығы туралы арыз жазған. 2005 жылы сот арқылы күйеуінің өлгені туралы ресми куәлік алған. 

Әйел кісі өлтіргенін мойындағаннан кейін,  яғни он бес жыл өткен соң, күйеуінің сүйектері айтылған жерде бір метрге жетпейтін тереңдіктен табылған.  Әйел үй қамауынан алынды. Іс тергеуі жалғасуда, әртүрлі сараптамалар жүргізілетін болады. Әйелді 1997 жылғы Қылмыстық кодекспен соттайды. 

Жаңалықтар
0