Оқиға

Алматы облысындағы тас жолда алты көлік соқтығысты

© Sputnik / Анатолий УстиненкоЖол апаты
Жол апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бір көлік оқиға орнынан қашып кетті; зардап шеккен екі адамға медициналық көмек көрсетілді.

АСТАНА, 14 жел – Sputnik. "Алматы-Өскемен" тас жолында алты автокөліктің қатысуымен жол апаты болды деп хабарлайды Алматы облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Жол апаты Іле ауданында "Алматы-Өскмен" тас жолының 18-ші шақырымында сағат 6:45-те тіркелген. Ол жерде Volkswagen Transporter, Subaru, үш Toyota көлігі және тағы бір белгісіз көлік соқтығысты.

"Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеуде. Бастапқы болжам бойынша, жол апатына автокөліктердің арақашықтық пен жылдамдық тәртібін сақтамауы себеп болған", — деп ақпарат берді облыстық полиция баспасөз қызметі.

Жол апаты орнынан бір көліктің қашып кеткендігі анықталды, оны жол патрульдік полиция қызметкерлері іздестіруде. Жол апатынан зардап шеккен екі адамға – Subaru көлігін айдаған ер адам мен Toyota көлігінде отырған жолаушы әйелге медициналық көмек көрсетілді. 

Жаңалықтар
0