Архивное фото смотровой вышки в колонии

Бас прокуратураның алдында өзін өртеп жіберген әйелдің ұлы өзіне жарақаттар салды

35
Жас жігіттің мұндай әрекеттерге бару себебі әзірге белгісіз.

АСТАНА, 14 жел — Sputnik. Астанада ҚР Бас прокуратурасы алдында өзін өртеп жіберіп, соның салдарынан қайтыс болған Майра Рысманованың ұлы өзіне жеңіл жарақаттар салған, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінде. 

Рысманова сәрсенбі күні ауруханада көз жұмды. Ол Бас прокуратураның бақылау өткізу пункті маңында өзін өртеп жібергеннен кейін ауыр хәлде ауруханаға түсті.  

Комитетте жас жігіттің өзін-өзі өлтірмек болды деген ақпаратты жоққа шығарды.  

"Ол өзіне жеңіл дене жарақатын салды. Жарақат өмірге де, адамның денсаулығына да қауіпті емес. Оған бірден медициналық көмек көрсетілді. Аталған дерек бойынша тексеру жүргізілуде", — деді агенттікпен әңгімелесуші. 

Ведомствода мұндай әрекеттердің себебін түсіндіре алмады. 

Майра Рысманова 1968 жылы туылған, өткен аптада 6 желтоқсан күні Астанада Бас прокуратура ғимараты алдында өзін-өзі өртеп жіберіп, ауыр хәлде ауруханаға түскен.

Болған оқиғадан соң ведомствоның берген мәліметінше, ол 1988 жылы туылған ұлы Ербол Ахметовтың үкіміне келіспегендіктен, өз-өзін өртеп жіберген.

Прокуратура берген анықтама бойынша, Шу аудандық сотының үкімімен 2015 жылы 15 маусымда Ахметов ҚК 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау) бойынша сотталып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған.

Бас прокурор Асанов бұл оқиғаны "сұмдық" деп атап, өз қолына алатынын мәлімдеді.


 

35