Су-27

Апатқа ұшыраған Су-27 ұшқышы: техника істен шықты деп ойлаймын

9
Су-27 ұшағы Талдықорған маңында оқу жаттығулар кезінде апатқа ұшырады

АСТАНА, 23 жел  – Sputnik. Су-27 әскери ұшағын басқарған, ұшқыш майор Әділбек Ысқақов ұшақ апатының себебі техниканың істен шығуы деп санайды. 

21 желтоқсан күні Талдықорған қаласынан 25 шақырым жерде түнгі жағдайда оқу ұшуын орындау кезінде авиациялық қақтығыстың салдарынан ҚР Қорғаныс министрлігінің  21751 әскери бөлімшесінің Су-27 ұшағы апатқа ұшырады. Ұшқыш майор Ысқақов барынша күш-жігерін салып, ұшақты елді мекеннен әрі қарай бұрып жіберді. Одан кейін қарғып түсу әдісін қолданды. 

"Түнгі оқу-жаттығу жұмыстарын аяқтап, Талдықорған аэродромына қонуға бет алғанда ұшақтан ақау шықты", — деді Ысқақов КТК телеарнасына. 

Телеарнаның мәліметтеріне сәйкес, Әділбек Ысқақовтың атқыш ұшағы адам аяғы баспайтын жазыққа барып құлаған. Ұшқыш бірден басшыларымен байланыс апат орнын айтып беріпті. Ал өзіне 15 минуттан кейін көмек келген. Бірден әскери госпитальға жеткізілген ұшқыштың еш жері зақымданбады.

"Көп ойланбастан айналасы 30-40 секунд ішінде әуе техникасын ауыл-аймақтан алшақтау жерге бағыттап, өзім секіріп кеттім. Өйткені ең алдымен жердегі халықты ойладым. Оларға қайғы әкелгім келмеді", — деп бөлісті ұшқыш. 


9
Тақырып:
Талдықорғандағы Су-27 ұшағы апаты (6)
Загрузка...