Қамауға алу

Алматыда "жер" алаяғы ұсталды

9
Ұсталған ер адам өзіне тиесілі емес жер учаскелерін сатуға тырысқан

АСТАНА, 23 жел  – Sputnik. 39 жастағы азамат Түрксіб ауданы Қайрат ауылындағы  жылжымайтын өзіне тиесілі емес жер учаскелерін сатып – жылжымайтын мүлікті сат бойынша заңсыз мәмілелер жасаған, деп хабарлады Алматы ішкі істер департаментінде. 

"Күдіктінің айтуынша, 12 және 8 сотық екі жер учаскесі оның әкесінің иелігінде болған. Ол ескі құжаттарды тауып алып, оларды сатпақ болған, сатып алушыларға басқа жерлерді көрсеткен. Ал шын мәнінде ол айтып отырған жер телімдері оның иелігінде емес, бұл туралы күдікті білмеуі мүмкін емес. Өзіне сенген сатып алушыларға ол күші жойылған құжаттармен басқа жер телімдерін көрсеткен. Осылайша ол алдау арқылы жер телімдерін "сатқан", — деді Түрксіб аудандық ІІБ басшысы Жасұлан Тұрысбаев.

Кейін айлакер алаяқ ақшаны алып, қайта рәсімдеу мәселесінде уақыты жоқтығын айтып, созып жүріп алған. Тұрысбаевтың айтуынша, ол уақытты қасақана созған. Өз кезегінде азаматтар жер телімдері туралы мәліметтің рас-өтірігін тексермей, аса ірі көлемде ақша беріп қойған.

Ұсталған күдікті
© Foto : Алматы ІІД
Ұсталған күдікті

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол өз кінәсін мойындап, шығынды өтеуге уәде беріп отыр. Бұл жерек ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша тіркелген. Полиция қазіргі уақытта шығынның жалпы көлемін анықтап жатыр.

Сондай-ақ, күдіктің жеке басын тексеру барысында оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталады. Осыған байланысты полицейлер осы адамнан зардап шеккендерді  298-54-00 және 298-54-01 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.


9
Загрузка...