Оқиға

Қазақстанның оңтүстігінде автожолдар жабылды

© Sputnik / Меркурий Голоднов / Медиабанкке өтутас жол
тас жол - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұрқасын мен көру мүмкіндігінің шектеулілігіне байланысты тас жолдарда қозғалық тоқтатылды

АСТАНА, 23 жел  – Sputnik. Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы автокөліктер үшін қозғалыс тоқтатылды, деп хабарланады ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің сайтында. 

23 желтоқсан сағат 01.30-да Жамбыл облысында ауа-райының қолайсыздығы салдарынан (бұрқасын, көру мүмкіндігі шектеулі) 543-593 шақырымдық "Алматы-Ташкент" тас жолында, яғни Күйік асуынан ОҚО шекарасына дейінгі аралықта барлық автокөлік түрлерінің қозғалысы тоқтатылды.

Оңтүстік Қазақстан облысында 23 желтоқсанда ауа-райының қолайсыздығы салдарынан 593-611 шақырымдық "Алматы-Ташкент" тас жолында, яғни Жамбыл облысы шекарасынан Ақбиік ауылына дейінгі аралықта барлық автокөлік түрлерінің қозғалысы тоқтатылды.


Жаңалықтар
0