сотталушылар

Шымкентте үш қарағандылық теракт әзірлеу үшін сотталды

19
ИМ-ның үш жас мүшесі "джихадқа" ақша табу үшін кәсіпкерге шабуыл ұйымдастырған

АСТАНА, 26 жел – Sputnik. Шымкентте сот террорлық акт әзірлеу бойынша үші айыпталушыға үкім шағырда, деп хабарлайды Otyrar.kz. сайты. 

Қарағандының үш жас тұрғыны Самат Ж., Александр К. және Асиф Т. Сот алдында жауап беруде. 

Хабарламаға сәйкес, сотталушылар 2016 жылғы жазда алдағы уақытта террорлық акт жасау үшін қаражат табу мақсатында шымкенттік кәсіпкердің біріне шабыл ұйымдастырған. Асифтің компьютерінде экстремистік сипаттағы материалдар табылған. 

Сот үкімімен топ ұйымдастырушысы Самат Ж. Тоғыз жылға, Александр К – сегіз жылға және үшінші қатысушы Асиф төрт жыл тоғыз айға бас бостандығынан айыруға сотталды. Олар жазаларын қатаң тәртіптегі колонияда өтейтін болады. 

Самат ен Александрдың экстремистік ДАИШ (ИМ, Қазақстанда тыйым салынған) құрамында болғаны анықталды. Үкім заң күшіне енген жоқ. 


19
Петропавл – Нұр-Сұлтан тас жолындағы жол апаты

Көкшетаулық танымал кәсіпкер Нұр-Сұлтанға барар жолда көз жұмды

1212
(Жаңартылды 14:20 26.09.2020)
Автокөлікте бес адам болған, үшеуі апаттан қаза болды. Олар Көкшетау қаласынан елордаға қарай келе жатқан

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Петропавл – Нұр-Сұлтан тас жолында жол апаты салдарынан үш адам көз жұмды. Олардың арасында көкшетаулық танымал кәсіпкер Владимир Свидерский болды, деп хабарлады Kokshetau.asia.

Свидерский жанармай құю бекеттері желісіне иелік еткен.

ДТП на трассе Нур-Султан- Петропавловск
Петропавл – Нұр-Сұлтан тас жолындағы жол апаты
Жол апаты Нұр-Сұлтан – Петропавл тас жолының 285-ші шақырымында болды. 1960 жылы туған Владимир Свидерскийдің Range Rover көлігімен бес адам Көкшетау қаласынан елордаға жол тартқан.

"Бізді басып озбақ болды": Өрт сөндіру көлігі аударылып, жүргізуші көз жұмды

716 порталының хабарлауынша, апат салдарынан Свидерский мен 55 жастағы жолаушы Олег Анисимов сол жерде қайтыс болған. Тағы бір жолаушы – 1963 жылы туған Валерий Бевзовой ауруханада жан тапсырды.

"Екі жолаушы түрлі жарақатпен Көкшетаудағы көпсалалы облыстық ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Қазір апаттың себебі анықталып жатыр.

 

 

1212
Кілт сөздер:
жол апаты, кәсіпкер
Тақырып бойынша
"Орда" әншілерінің ата-анасы қаза болды: полиция жол апатының мән-жайын айтты
Алматыда Lexus жүргізушісі жаяу жүргіншілерді қағып кетті
"Сағынышымыз сейілді": Сәкен Майғазиев жүрек елжірететін видео жариялады
Танымал қазақстандық әнші жол апатына түсті – фото
Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері қайтыс болды
Бала мен ойыншық

"Пышақпен қорқытып, видеоға түсірді": Жамбылда бала зорлығына қатысты іс дауға айналды

846
(Жаңартылды 09:29 24.09.2020)
Шағымданушы тараптың айтуынша, мектеп басшылығы ауызбастырық ұсынып, мәселені ушықтырмай, мәмілеге келуге шақырған

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Жамбыл облысындағы Көгершін ауылының тұрғыны өзінің кішкентай перзентін жергілікті жеткіншектер жабылып зорлаған деп шағымданды. Анасының айтуынша, онымен қоймай жәбір көрсеткендер мұндай сорақылықты таспаға түсіріп, қорқытқан көрінеді.

Бұл жайында анасы келесі күні ауладағы басқа балалардан естіпті. Тек, содан кейін ғана ол ұлынан бәрін тәтпіштеп сұрап алған, деп хабарлайды КТК арнасы.  

"Балам "артқы жағымнан осылай істеді" дейді. Неге ол жаққа бардың десем, "балалар пышақпен қорқытты. Сөйтті де видеоға түсірді, осыдан айтсаң, сені пышақтап өлтіреміз" деп айтыпты", - дейді жәбірленушінің анасы.

Жеті баланың анасы перзентін өткір затпен қорқытты дегенге сенеді. Себебі, өзі талай рет видеодағы жеткіншектің ауладағы балаларға пышақпен құқай көрсеткенін байқапты. Қазір ол да күдіктілер тізімінде. Әзірге олардың ешбірі кінәсін мойындаған жоқ. Ал мектеп басшылығы істі жылы жабуға жанталасып жүргендей.

Шағымданушы тараптың айтуынша, ауызбастырық ұсынған мектеп директорының орынбасары екен. Директордың өзі де бұл мәселені ушықтырмай, мәмілеге келуге шақырыпты.

Жәбірленушінің анасына білім мекемесінің басшылығы "бәрібір сенікі дұрыс болмай шығады, сен ештеңе істей алмайсың, дәлелдеген күнде де, балаларға іс қозғай алмайсың" деген көрінеді.

Ал директор бұлай айтпадым, дейді. Оның сөзінше, бұл жағдай екі көршінің араздығынан туындаған.

"Аудандық медбикелер тексеріп көрді, ондай жәбірлену әрекеттері болмаған. Балалар жай ғана ойнаған. Екі ата-ана бір-бірімен ұрсысып қалған. Бір-біріне жасаған істері осындай дауға айналып жатыр. Қазір полицияға алты балаға қатысты арыз жазылған. Ал азғындық жасалды делінген ұлын анасы қалаға сараптамадан өткізуге алып барған", - дейді Ақтоған орта мектебінің директоры Орындық Рысқұлова.

Полиция департаменті бұл мәселеге қатысты барлық қажетті сараптама тағайындалғанын айтады.

"Қыркүйек айында Т.Рысқұлов ауданының тұрғыны көршісінің баласы тарапынан кәмелетке толмаған ұлына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекет қолданылғаны туралы полицияға жүгінген. Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 121-бабы, 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - дейді Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Оқи отырыңыз: Бала зорлық-зомбылыққа ұшыраса, қайда хабарласу керек – "111" нөмірі қайта іске қосылды

Көп балалы ана "ұлымды зорлап, таспаға түсіріп қорлағандарға кешірім жоқ" дейді. Сондықтан да кінәлілердің бала деп бетіне қарамай, қатаң жазаға тарту керек деп санайды. Алайда бұл істің ақ-қарасы сараптамадан кейін белгілі болады.

846
Кілт сөздер:
Жамбыл облысы, бала құқығы, оқиға
Тақырып бойынша
Зорлық жасады деген күдікті Нұр-Сұлтандағы аурухананың аумағынан қашып кетті
Түркістан облысының әкімі өңірде неге зорлық жиілеп кеткенін түсіндірді
Алматыда зорлық-зомбылыққа арандатты деген күдікпен екі адам ұсталды
Балалар зорлық-зомбылығы үшін жазаны күшейту керек пе – президент кеңесшісі пікір білдірді
Тараздағы зорлық: тағы бір шенеунік қызметінен кетті
Иллюстративті фото

Қыздар төбелесінен кейін жұмыстан кеткен мектеп директорлары қайта шақыртылды

0
Ақтөбе облыстық білім басқармасы Темір аудандық білім бөлімінен жасақталған комиссия асығыс шешім қабылдағанын анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбе облысында орамал таққан қыздардың төбелесінен кейін Темір аудандық білім бөлімінің басшысы қатаң сөгіс алды.

Ал осы оқиғадан соң жұмыстан кеткен Кеңқияқ, Шұбарши, Саркөл орта мектептерінің директорлары қызметтеріне қайта оралды, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Облыстық білім басқармасының дерегінше, Темір аудандық білім бөлімінен жасақталған комиссия асығыс шешім қабылдаған.

"Облыстық білім басқармасы жалпы оқиғаның мән-жайын анықтау барысында бұл аталған директорларды орнынан босату негізсіз екендігін анықтады. Сондықтан да директорлар өз орнына қайта тағайындалды. Аудандық білім бөлімінің басшысына қатаң сөгіс жарияланды", - дейді Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова.

Еске сала кетейік, 20 қыркүйек күні Кеңқияқ елді мекенінде жоғарғы сыныптың оқушы қыздары арасында төбелес болды. 8 сыныптағы қызды аямай сабап, оны таспаға түсіріп таратқан.

Оқи отырыңыз: "Қазпоштаның" Балқаштағы бөлімшесінде қыздар төбелесті – видео

Қазіргі кезде бұл оқиға бойынша "бұзақылық" бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Қыздардың шаш жұлысып, тепкілесуіне не себеп болғанын енді облыстық білім басқармасынан құрылған арнайы топ анықтамақшы.

0
Кілт сөздер:
мектеп директорлары, төбелес, қыздар
Тақырып бойынша
Қостанайда бойжеткенді соққыға жықты: жігіттер төбелесті сырттан бақылап тұрған
Көшедегі қыздар төбелесі видеоға түсіп қалды