Оқиға

Алматыдағы ірі жол апаты: жедел жәрдем көлігінің күл-талқаны шықты

© Photo : Фото очевидцаАлматыдағы ірі жол апаты: жедел жәрдем көлігінің күл-талқаны шықты
Алматыдағы ірі жол апаты: жедел жәрдем көлігінің күл-талқаны шықты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жедел жәрдем көлігіне жеңіл автокөлік соғылды, зардап шеккендер бар

АСТАНА, 31 жел – Sputnik. Жедел жәрдем көлігі мен Chevrolet автокөлігінің соқтығысуы салдарынан екі адам ауруханаға түсті.

Куәгердің айтуынша, көлік апаты Рысқұлов даңғылы бойында, Аэродром көшесіне жетпей болған. Chevrolet көлігі бар жылдамдығымен келіп жедел жәрдем көлігін бүйірден соққан. Оқиға куәгері апаттың қалай болғанын Sputnik Қазақстан агенттігіне айтып берді

"Chevrolet иесінің айтуынша, Рысқұлова көшесімен батысқа қарай кетіп бара жатқан. Оған қарама-қарсы ешқандай сигналсыз жедел жәрдем көлігі келе жатады, кенеттен қос тұтас сызықтан бұрылмақ болады. Chevrolet  жүргізушісі рөлді бұрып үлгермей, бар жылдамдықпен келіп жедел жәрдем көлігіне соғылады. Жол апаты салдарынан жедел жәрдем жүргізушісі мен дәрігер қатты жарақат алып, ауруханаға түсті", — дейді куәгер.

Жаңалықтар
0