Оқиға

Қазақстандық т/ж станцияларын көктемгі тасқындарға әзірледі

© Photo : Пресс-служба АО "НК "Қазақстан темір жолы"Темір жол
Темір жол - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол бағытының айрықша қатерлі телімдерінің тізімі жасалып, барлық қажет материалдар сатып алынып жатыр

АСТАНА, 7 ақп — Sputnik.  "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ –да тасқын кезінде теміржол инфрақұрылымына бөгет келтіретін жағдайлар туралы ескерту шаралар Жоспары дайындалды, деп хабарлады компанияда. 

тасқындар - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қарағанды облысының билігі "экстремальды" көктемге дайындық үстінде

Ақпаратқа сәйкес, тасқынға қарсы шараларды жүзеге асыру аясында 40 астам пойыз бен 380 вагон ұйымдастырды.

Теміржолда тұрақты қызметті қамтамасыз ету бойынша тасқын кезінде теміржол инфрақұрылымына бөгет келтіретін жағдайлар туралы ескерту шаралар Жоспары дайындалды.

Бұл Жоспар аясында су бұрғыш құрылғыларды әзірлеу бойынша белсенді жұмыстар орындалып жатыр. Техника дайындығы тексеріліп, бөгеттер мен суағар құрылғылар жай-күйіне аса маңызды назар аударылуда.

Жол бағытының айрықша қатерлі телімдерінің тізімі жасалып, барлық қажет материалдар сатып алынып жатыр. Бұл Ақтоғай – Саяқ, Ақтоғай – Достық, Бейнеу – Маңгыстау, Защита – Зыряновск – Лениногорск, Хромтау – Алтынсарин, Жетіген – Алтынкөл және т.б.

Магистральді желінің барлық бөлімшелеріне төтенше жағдай болған жағдайда оны тез арада шешу үшін облыстық әкімшіліктер мен төтенше жағдай бойынша аумақтық қызметтермен өзара әрекеттестікті ңығайту тапсырмасы берілді.


Жаңалықтар
0