Оқиға

Алматыда жанып жатқан ТҚКС-нан 30 адам құтқарылды

© Photo : ДЧС Восточно-Казахстанской областиӨрт сөндірушілер
Өрт сөндірушілер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Адамдар үшінші қабат терезесінен өрт сөндіру сатысы арқылы қауіпсіз жерге шығарылды

АСТАНА, 9 ақп — Sputnik. Үш қабатты ғимараттың бірінші қабатында орналасқан ТҚКС-сы жанып кетті. Өрттен 30 адам құтқарылды деп хабарлады Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Бейсенбі 9 ақпан күні сағат 6:25-те "101" нөміріне Алматы қаласы Алмалы ауданындағы ТҚКС-ның өртенгені туралы хабар келіп түсті. Алғашқы өрт сөндіру тобы шақырылған жерге 9 минуттан соң жеткен.

Өрт сөндіруші - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Солтүстік Қазақстанда үйде болған өрттен екі адам қаза тапты

Өрт сөндірушілер келген сәтте үш қабатты ғимараттың бірінші қабаты от-жалынға оранып, басқа да ғимараттарды шарпып кетуге қауіп төніп тұрды. 

Өрт сөндіру барысында үшінші қабаттың терезесінен өрт сөндіру сатысының көмегімен 30 адам құтқарылды. Олардың біреуі улану белгілерімен ауруханаға жеткізілді. Ғимараттан елу литрлік үш газ баллон қауіпсіз жерге шығарылған.

Өрт 06:38-де ауыздықталып, 07:21-де толықтай сөндірілді. Аумағы 150 шаршы метрді құрайды. 

Өртену себептері анықталуда.  

Жаңалықтар
0