Оқиға

Ауыл тұрғыны шкафынан соғыс гранатасын тапқан

© Public DomainГраната.
Граната. - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Гранатаның шкафқа қалай тап болғанын анықтау керек

АСТАНА, 9 ақп — Sputnik. Қостанай облысы Қарабалық ауданы Елшановка ауылының тұрғыны өз үйінен граната тапқан деп хабарлайды өңірдің ТЖ жөніндегі департаменті.

Ведомство мәліметінше, 55 жастағы әйел сәрсенбі 8 ақпан күні шкафынан соғыс қаруын тауып алыпты.

Полицейлер анықтағандай, бұл – жаяу әскерге қарсы қорғаныс гранатасы Ф-1, коррозияға ұшырапты. Граната зиянсыздандырылды. 

Жаңалықтар
0