Боран

Қарағанды түбінде жолдың дұрыс көрінбеуі салдарынан алты көлік жыраға түсіп кетті

19
(Жаңартылды 12:19 09.02.2017)
Қарағанды түбіндегі жаппай жол апатына боран себеп болған

АСТАНА, 9 ақп — Sputnik. Қарағанды түбіндегі Дубовка ауылына жақын маңда алты бірдей автокөлік соқтығысты деп хабарлайды Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Жол
© Foto : Пресс-служба АО "НК "КазАвтоЖол"

Ведомство мәліметінше, бейсенбі күні таңертең Дубовка ауылы маңындағы жол телімінде алты автокөлік соқтығысты. Бастапқы берілген ақпарат бойынша, көлік апатына жолдың дұрыс көрінбеуі себеп болған.

Жол апаты дерегі бойынша ҚР ӘҚБК 610 бабы 1 бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік апаты салдарынан зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. 

Қазіргі уақытта жол ашық. 

19