АСТАНА, 9 ақп — Sputnik. Астанада қызды зорлап өлтірген қанішер ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды ҚР Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.
Іс дерегі бойынша, 2016 жылы 5 қарашада Астана бекетінде белгісіз бір адам Ж. есімді қызға ауыр жарақат салып, нәтижесінде комаға түскен жәбірленуші 8 қарашада қалалық теміржол ауруханасында есін жимастан көз жұмды.
Қылмысты жасады деген күдікпен 12 қарашада 24 жасар Л. есімді азамат ұсталды, ол жасаған қылмысын бірден мойындаған.
Сот 8 ақпан күні болды. Кісі өлтіргені үшін айыпты деп танылған Л. 17 жылға бас бостандығынан айырлды, жазасын қатаң тәртіпті түзету колониясында өтейтін болады.