Оқиға

СҚО су қоймасының қоршауын бұзған бензин тасымалдаушының жүргізушісі жазаланады

© Sputnik / Елена БережнаяБензин тасушы
Бензин тасушы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Петропавл гидроторабы аумағында жол апатын жасаған бензин тасымалдаушының жүргізушісі әкімшілік жауапқа тартылатын болады

АСТАНА, 9 ақп – Sputnik. Петропавл қалалық гидроторап аумағында жол апатын жасаған бензин тасымалдаушының жүргізушісі әкімшілік жауапқа тартылатын болады, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

Петропавлда бензин тасымалдаушы су қоймасының үстіне ілініп қалды - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Петропавлда бензин тасымалдаушы қоршауды бұзып, су қоймасының үстіне ілініп қалды
 

Баспасөз қызметінің деректеріне сәйкес, ЖКО дерегі бойынша ҚР  ӘҚБтК-нің  610-шы бабы 1-бөлімі "Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы" бойынша жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.  Ол үшін он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе тоғыз ай мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыру жазасы қарастырылған. 

"Бұл факті бойынша жиналған материал процессуалдық шешім қабылдау үшін Петропавл қаласы ішкі істер басқармасына жолданды", — деп ақпараттандырды ведомствоның баспасөз қызметінде. 


Жаңалықтар
0