пара

Ақтөбеде ІІМ басқармасының полковнигі пара алу үстінде ұсталды

44
Офицер әскери бөлімшенің қызметкерлерінен екі миллион теңге талап еткен

АСТАНА, 9 ақп – Sputnik. Ақтөбедегі ҚР ІІМ Батыс өңірлік әскери тергеу басқармасының басшысы, подполковник С. Абдулаев ұсталды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі. 

Абдулаев қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін ҰҚҚ Шекара қызметінің әскери бөліміндегі қызметкерлерінен 2 миллион теңге талап еткен.  Қызметкерлерден талап еткен сомасының бір бөлігін — 700 мың теңге алып жатқан кезінде ұсталып, Ақтөбе қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


44