Оқиға

Жезқазғанда полицейге зәрі шашқан жүргізуші рақымшылықпен босатылады

© SputnikПолицей
Полицей - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қайрат Елубаевты полицейлер 2015 жылғы желтоқсанда алкогольдік ішімдік дәрежесін анықтау үшін наркодиспансерге жеткізген. Алайда нәтижемен келіспеген ол зәрісін тексеруді талап етті.

АСТАНА, 9 ақп – Sputnik. Полицейдің үстіне зәрі шашып жібергені үшін бас бостандығын шектеуге сотталған жүргізушіге сот рақымшылық етті, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Жезқазған қалалық прокуратурасының баспасөз қызметінде.

Қайрат Елубаев полицейдің үстіне зәрі шашып жіберген, өткен жылдың тамыз айында оны екі жыл мерзімге бас бостандығынан шектеп, 200 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге үкім шығарылған. 

"Жезқазғанның пробация қызметі бөлімі бастығының ұсынысы қанағаттандырылды. Қайрат Елубаев өткен жылғы 15 тамызда кесілген негізгі жазадан рақымшылық актісіне байланысты босатылды", — деді Sputnik Қазақстанға әңгімелесуші телефон арқылы. 

Баспасөз қызметінің атап өтуінше, қаулыға 15 күн ішінде шағым түсіруге болады екен. Қаулы заңды күшіне енген жоқ. 


Жаңалықтар
0