Оқиға

Ажырасу алдында әйелін өлтірудің мән жайы белгілі болды

© Sputnik / Евгения НовоженинаОта жасау
Ота жасау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйел алған жарақаттардан ауруханада көз жұмды, ер адамды сот залынан жедел қызметкерлер алып кетті

АСТАНА, 28 ақп — Sputnik.  Ер адам әйелдің ішіне бірнеше рет пышақ жарақаттарын салған. Шабуыл жасау кезінде ерлі-зайыптылардың жанында ешкім болған жоқ, деп хабарлады Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі. 

Соттың хабарлауына сәйкес, ағымдағы жылдың 28 ақпанында сағат 10.00 шамасында сот отырысы басталғанға дейін азамат Н.Ж.Бекибаев азаматша Ж.А.Таубаевамен сөзге келіп, күтпеген жерден аяқ кимінің ішінен пышақ алып, оған бірнеше рет сұғып алған.

Қақтығыс кезінде судья мен сот қызметкерлері сот залында болмаған. Азамат Н.Ж.Бекибаев өзін тоқтатпақ болған сот приставына белсенді қарсылық көрсеткен. Кейін оны оқиға орынан шұғыл келген сот төрағасы мен "Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы" ММ қызметкерлері тоқтатқан.  Жедел жәрдем шақырылып, Ж.Таубаева ауруханаға жеткізілген, алайда, ол қаза тапты.  Сонымен қатар, оқиға орнына Амангелді аудандық ІІБ шұғыл тергеу бөлімі шағырылып, Н.Ж.Бекибаев соларға тапсырылған.

Оқиға Амангелді аудандық сотының ғимаратында Ж.А.Таубаеваның Н.Ж.Бекибаевпен неке бұзу туралы шағымы бойынша сот отырысы басталғанға дейін сот залында орын алған. 

Н.Ж.Бакибаев Арқалық мемлекеттік институтын "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша бітірген, Амангелді орта мектебінде мұғалім, дзюдомен айналысады.

Сот ғимаратына пышақ алып өту фактісі бойынша, аудандық сотта кезекшілік еткен "Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы" ММ қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеріс басталды.

Бұл факт Амамнкелді аудандық ішкі істер бөлімінде тіркелген.


Жаңалықтар
0