Оқиға

Ақтөбеде мұғалім үшінші сынып оқушысын ұрды деп айыпталып отыр

© Sputnik / Табылды КадырбековҚылмыстық іс
Қылмыстық іс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақтөбеде мұғалімнің педагогикаға сәйкес келмейтін әрекеті соттың істі қарауына себеп болды

АСТАНА, 6 нау — Sputnik. Ақтөбе қаласының №10 орта мектебінің оқытушысы үшінші сынып оқушысын ұрды деп айыптап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

№2 қылмыстық істер жөніндегі сотта мұғалімнің педагогикаға сәйкес келмейтін әрекеті ҚР ҚК-нің 108-бабы  бойынша қаралып жатыр. Сот отырысында хабарлағандай, өткен жылғы қыркүйекте үшінші сынып оқушысы үйіне ерте сұранып кетпек болған. Осы өтінішпен ол мұғалімге жүгінген, алайда ол, ата-анасының айтуынша, қызды шымшып, сосын басынан ұрған. Оқушы болған оқиғаны ата-анасына айып береді. Облыстық балалар ауруханасында қызға "жеңіл бас миының шайқалуы" диагнозын қойған.

Мұғалім сол оқиғадан кейін жұмыстан кеткен. Ол кінәсін мойындап отырған жоқ. Бұдан бөлек мектеп психологы оқиғадан кейін кәмелет жасқа толмағандардың істері жөніндегі инспектормен бірге зардап шегушінің сыныптастарын сұрап шыққан. Балалардың сөзіне қарағанда, қызды оқытушы ұрмаған. 

Соттың келесі отырысы ендігі аптаға тағайындалды. 


Жаңалықтар
0