Жедел жәрдем

Ақтөбеде анасы мен екі баласы уланып қалды

13
(Жаңартылды 21:04 16.03.2017)
Үшеуі де ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр

АСТАНА, 16 нау — Sputnik. Ақтөбеде әйел мен екі баласы қатты иіс тиіп уланып ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады Sputnik Казахстан агенттігіне Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаментінде. 

Отбасы "Строительный" бағбандық ұжымының саяжай үйінде тұрған.

"Тұншықтырғыш газға уланып, үш адам зардап шекті. Олар 2007 және 2009 жылы туған балалар мен олардың 1984 жылы туған анасы. Олардың барлығы саяжайдағы  үйде болған. Уланудың алдын ала себебі – пештегі ақаулық", — деп хабарлады Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Ілияс Манғұбасов.

Зардап шеккендерді дер кезінде отағасы байқап қалған. Тауып алған кезде анасы да, балалары да ес-түссіз болған. Балалар қалалық балалар ауруханасына, ал әйел жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген. Үшеуі де ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр.


13
Аурухана, архивтегі сурет

Блок бекеттегі апат: үшінші полицейдің жағдайы туралы ақпарат жарияланды

483
Жол апатына кінәлі азамат бұрын полицияда 6 жыл қызмет еткен. Бұл жайында қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов мәлімдеген болатын

АЛМАТЫ, 26 мамыр – Sputnik. Алматы қоғамдық денсаулық басқармасы блок бекеттегі жол апатында зардап шеккен үшінші полицейдің жағдайы туралы айтты.

Полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Ербұлан Сейдазым жарақат алғаннан кейін №7 қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.

"Науқас аралас жарақат алған, бас сүйек-мидың жабық жарақаты, ауыр дәрежедегі бас миының соғылуы, желкеге пластиналы эпидуральды қан құйылуы, желке сүйегінің сынуы, сол жақ бет қаңқасының сынуы, бастың, беттің, белдің жұмсақ тіндерінің соғылуы диагнозы қойылды", - деді Алматы денсаулық басқармасында.

Хирургтардың консилиумынан кейін зардап шеккен азаматқа бас сүйегінің резекциялы трепанациясы жасалды, сондай-ақ бас сүйегінің жіті гематомасын алып тастады.

"Жағдайы ауыр. Бүгін миына томография жүргізілді. Науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған", - деп атап өтті Алматы қоғамдық денсаулық басқармасы.

Реанимация бөлімінде қарқынды терапия жалғасып жатыр.

Алматыдағы блок бекетте болған трагедия

25 мамырда Көксай шағын ауданындағы Жаңа ғасыр мен Қожабеков көшелерінің қиылысындағы №4 блок бекетте BMW автокөлігінің жүргізушісі алдымен блок бекет қоршауына, содан кейін екі полицей отырған патрульдік көлікке соқтығысқан.

42 жастағы полицей Жарас Жанғазиев оқиға орнында қаза болды. Ал 26 жастағы екінші полицей Дастан Әбдіқанов ауруханада есін жимастан көз жұмды.

Ережеге бағынбаған азаматтың ішімдік ішкені расталды. Ол Алатау ауданының тұрғыны болып шықты. Оқиға салдарынан зардап шеккен тағы бір полиция қызметкері ауруханада ауыр халде жатыр.

Бұрын полицияда жұмыс істеген

Жол апатына кінәлі азамат бұрын полицияда 6 жыл қызмет еткен. Бұл жайында қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов мәлімдеді. Айтуынша, кінәлінің ішкі істер органдарында қызметінен босатылуына өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін төрт рет сөгіс алғаны себеп болған.

1994 жылы туған кінәлінің үстінен екі және одан да көп адамды өлтіру фактісі бойынша қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (бұл бап бойынша 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру не өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады).

Күдікті қамауға алынды.

483
Кілт сөздер:
денсаулық, полицей, бекет, Алматы
Тақырып бойынша
Марқұм полицейдің әйелі мас жүргізуші туралы: ол күйеуіммен бірге істеді  
Алматыда екі полицейдің өмірін қиған апаттың куәгері: жедел жәрдем кеш келді
Алматы тұрғыны блок бекетті бұзып өтпек болды: полицей көз жұмды
Алматы блок бекетіндегі апат: екінші полицей көз жұмды
Блок бекеттегі апат: үшінші полицей жансақтау бөлімінде жатыр
Сұрыптау паркіндегі жылжымалы құрам

Селфи жасаймын деп ауруханаға түсті: Шу қаласында болған оқиғаның мән-жайы

416
(Жаңартылды 16:16 26.05.2020)
Жәбірленуші жүк пойызының цистернасына шығып, суретке түспек болғанда жоғары кернеулі тоқ соққан

НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Жамбыл облысының Шу қаласында ер адам селфи жасау үшін вагон цистернасына шығып, қатты күйіп қалды. Бұл туралы көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жиырма жастағы жігіт электротермиялық күйікпен ауруханаға түсті.

Жәбірленуші 24 мамыр күні сағат 20.30-да жүк пойызының цистернасына шығып, суретке түспек болғанда жоғары кернеулі тоқ соққан.

"Оқиға салдарынан жігіттің денесі мен аяқ-қолдары I-II-III дәрежелі 50 проценттік электротермиялық күйік алды", – делінген баспасөз хабарламасында.

Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекиев жыл басынан бері теміржол желілеріндегі белгіленбеген жерден өткені үшін 9 569 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: Ақтөбеде селфи жасамақ болған қыз ажал құшты

Теміржол көлігінің қатысуымен 44 жарақат алу оқиғасы тіркелген болса, оның жартысынан көбінде қайғылы жағдайға ұласқан.

416
Кілт сөздер:
вагон, күйік, электр желісі, теміржол
Тақырып бойынша
Шамалған маңында жолаушылар автобусы пойыз астына түсе жаздады
Фотодерек: Тоқаев пен ЕАЭО елдерінің басшылары Ереванда селфи жасады
Шамалған станциясындағы апат: әкімдік қаза болғандар туралы хабарлады
Өртенген көлігін сөндірмек болған ер адамды күйік шалды
Алматы аспанын сұр бұлт қаптады: тұрғындар күйік иісіне шағымданып жатыр
Тұрғындар, жаз

Аптап ыстық болады - бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

116
(Жаңартылды 23:33 27.05.2020)
Синоптиктер бейсенбі, 28 мамыр күні Қазақстанның алты өңірінде аптап ыстық болып, жел күшейетінін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр - Sputnik. Қазгидромет синоптиктері бейсенбі күні ауа райы қандай болатынын айтты.

Елдің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Солтүстік, солтүстік-батыста циклон әсерінен дауыл болып, жауын, бұршақ жаууы мүмкін.

Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстік, оңтүстік-шығыста - шаңды дауыл, солтүстікте - тұман.

Дабылды ескерту

28 мамырда Қызылорда облысында аптап ыстық болады, плюс 41 градус, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с, шаңды дауыл.

Алдағы екі күнде Солтүстік Қазақстан облысында тұман болып, күн күркірейді. 29 мамырда күндіз бұршақ жауады, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Түркістан облысында шаңды дауыл болады, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с. Күндіз сынап бағанасы 40 градусқа дейін көтеріледі.

Өңірлердегі ауа райы

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысында аптап ыстық болады.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облысында өрт қаупі жоғары болады. 

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада түнде плюс 8-10 градус, күндіз 24-26 градус жылы.

Алматыда түнде 17-19 градус жылы, күндіз сынап бағанасы 28-30 градусқа дейін көтеріледі.

Шымкентте түнде плюс 20-22 градус, күндіз 35-37 градус ыстық.

116
Кілт сөздер:
синоптиктер, ауа райы, мамыр