Оқиға

Қырғыз әйелін балаларымен Қазақстанға 60 мың теңгеге құлдыққа сатып жіберген

© Public Domainқұлдық
құлдық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
11 жыл бұрын Қырғызстандық отбасыны алдап Алматы облысына әкелген

АСТАНА, 27 сәуір — Sputnik. Қырғыз әйелін екі қызымен Қазақстанға құлдыққа сатып жіберген, деп жазады Turmush басылымы. 2006 жылы Ноқат ауданы Қара-Көкту ауылының тұрғыны жергілікті отбасыны алдау жолмен Алматы облысының Қарабұлақ ауылына алып кеткен. 

құлдық - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Өзбекстан азаматы мен Ақтөбе тұрғынын құлдықта ұстаған

"Олардың құжаттарын көрші ел (Қазақстан) азаматтарына беріп, 60 мың теңгеге жуық ақша алған (2006 жылғы мамырдағы теңгенің бағамымен 12 600 сом). Алдын ала болжам бойынша, отбасы аталған сомаға құлдыққа сатылған", — деп жазады басылым жергілікті құқық қорғау органдарына сілтеме жасай отырып. 

Құлдыққа сатылған әйел 2006 жылы 34 жаста болған. Оның үлкен қызы —10 жаста, кішісі —1 жаста болған. Басылымның атап өтуінше, Ош облысының ІІБ отбасын құлдыққа сату дерегі бойынша тексеру жүргізіп жатыр. Отбасының тағдыры белгісіз. 


Жаңалықтар
0