Оқиға

Мәскеуде қазақстандықтарды құлдықта ұстауға қатысты іс ілгері жылжыды

© AP Photo / Richard Drewқамауға алу
қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәскеулік дүкенде Қазақстан азаматтары заңсыз ұсталып, еңбекке жегілген

АСТАНА, 12 мамыр — Sputnik. Қазақстандық полицейлер ҚР азаматтарын бостандықтарынан заңсыз айыруға байланысты қажетті процессуалдық іс-қимылдарға қатысу үшін  Мәскеуге баруды жоспарлап отыр, деп хабарлады Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкілі аппаратының баспасөз қызметі. 

құлдық - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Өзбекстан азаматы мен Ақтөбе тұрғынын құлдықта ұстаған

2017 жылғы қаңтарда Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Асқар Шәкіров өзінің ресейлік әріптесі Татьяна Москальковаға Мәскеу сауда орындары желісі иелері – бұрынғы қазақстандықтардың трабынан – өз жұмысшылары — Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты бостандықтарын заңсыз айыру, еңбекке жегу мен қатыгездік танытуға байланысты оқиғалар бойынша шаралар қабылдауға көмек көрсетуін сұрап жүгінген.   

Құлдықта болған әйелдің қашып шығып, ресейлік белсенділер, құлдыққа қарсы "Альтернатива" қозғалысының мүшелерінің көмегімен елге оралғаны атап көрсетілген. Қазақстан Республикасында адам құқықтары жөніндегі уәкілінің атына Ресей Федерациясы адам құқықтары жөніндегі уәкілінен жауап келіп, онда Мәскеудегі еңбек мигранттары – Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғау үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтылған. Жауапта, алдыңғы жылдар ішінде құл еңбегін пайдаланды деп күдікке ілінген бірқатар тұлғаларға қатысты уәкілетті органдардың қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы шешімдердің бірнеше мәрте қабылданғаны хабарланған. Соңғы шешімнің 2017 жылғы 15 наурызда қабылданғаны туралы нақтыланады. 

Қазіргі уақытта Мәскеу тергеу органдары Гольянова ауданы аумағындағы сауда нүктесінде әйелді  еңбекке жегу және заңсыз ұстауға байланысты процессуалды тексеру жүргізіп жатыр. 

Қойшы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Көп жыл құлдықта болған Солтүстік Қазақстан тұрғыны үйіне оралды

Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі, өз кезегінде, республикада құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттеседі. Мәскеу сауда нүктелерінде Қазақстан азаматтарына қатысты зорлық көрсету деректері бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаменті ҚР ҚК-нің 126-бабының 2-бөлімі (бас бостандығынан заңсыз айыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. 

"ҚР Бас прокуратурасының ақпаратына сәйкес, РФ Бас прокуратурасының атына халықаралық тергеу тапсырмасы әзірленді, оның аясында қажетті процессуалдық әрекеттерге қатысу үшін полиция қызметкерлерінің Мәскеуге баруы жоспарланып отыр. Ресейлік тарап тапсырманы орындағаннан кейін Ресей Федерациясының құзырлы органдарына әрі қарай тергеу үшін қылмыстық істі жіберу туралы мәселе қарастырылатын болады", — деп хабарлады Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілінің баспасөз қызметі. 

Бұдан бұрын Ресей Федерациясы адам құқықтары жөніндегі уәкілі аппаратының қызметкерлері Мәскеу бойынша РФ ІІМ шетел азаматтарын уақытша ұстау орталығына барған, бірақ тексеру кезінде Қазақстан азаматтары болмаған. 


Жаңалықтар
0