құрылысшы

Алматыда екі ай бойы жалақы алмаған құрылысшылар жолды жапты

117
(Жаңартылды 17:00 18.05.2017)
Екі ай бойы жалақы алмаған 50-ге жуық адам бейсенбі күні Алатау ауданының Момышұлы көшесіндегі жолды жапты

АСТАНА, 18 мамыр — Sputnik. Атқарған жұмыстары екі ай бойы еңбек ақы алмаған бірнеше ондаған құрылысшы жолды жапты. 

Тамара Дуйсенова
© Photo : Служба центральных коммуникаций при президенте РК

Елуге жуық адам "Алматы арена" спорт кешеніне қарам қарсы бетте Бауыржан Момышұлы бойындағы жолды бірнеше минутқа жапты. 

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінде атап көрсеткендей, Алатау ауданы Б.Момышұлы көшесі бойындағы "Алатау Сити" ТК құрылыс нысанында мердігер болып табылатын "Ақтілек Құрылыс Компаниясы-2016" ЖШС жұмысшылары ағымдағы жылдың наурыз және сәуір айларна жалақы алмағандары үшін жолды жапқан.

Алматы қалалық еңбек және көші-қон мемлекеттік инспекциясы хабарлағандай, нысанның бас мердігері "Exclusive Constraction" ЖШС субподрядты мекемеге 65 миллион теңге аударуы тиіс болған. Алайда, ақша төленбегендіктен "Ақтілек Құрылыс Компаниясы-2016" ЖШС жұмысшыларға берешек болып қалған.

Басқарма қызметкерлері оқиға орнына барып, аталған компания басшыларынан 22 мамырға дейін берешекті қайтару туралы кепілдік хат алды. 


117
Рельстен шығып кеткен вагон, архивтегі сурет

Қостанай облысында 23 вагон рельстен шығып кетті: оқиғаның мән-жайы

1
(Жаңартылды 13:04 25.05.2020)
Қазіргі кезде апаттың себеп-салдарын анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылып, оқиға орнында қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

АЛМАТЫ, 25 мамыр – Sputnik. Қостанай облысындағы Құсмұрын – Тобыл темір жол учаскесінің Қазанбасы – Апановка өткелінде жүк пойызы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Аталған аймақта жылжымалы құрамның жылдамдығы сағатына 70 шақырымнан аспауы тиіс деп белгіленген. Машинист осы талапты сақтаған.

"Локомотив манометрі мәліметтері бойынша вагондар арасында ауа қысымының төмендеуіне байланысты Қазанбасы – Апановка темір жол өткелінде жүк пойызының машинисі шұғыл тежегішті пайдаланған. Соның салдарынан бірнеше вагон рельстен шығып кетті", – делінген "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз хабарламасында.

Оқиға жексенбі күні (24 мамыр) сағат 14.40-те орын алды.

"Локомотив бригадасының тексеруі нәтижесінде 23 вагонның рельстен шығып кеткені анықталды. Байланыс бағаналары мен темір жол төсемдері де зақымдалған. Қазіргі кезде апат зардаптарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деп мәлімдеді компанияның баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Пойыз апаты: сақтандыру өтемақысын қалай алуға болады?

Апаттың себеп-салдарын анықтау мақсатында "Қазақстан темір жолы" АҚ мен "Жүк тасымалы" АҚ жетекші мамандарының қатысуымен арнайы комиссия құрылды.

1
Кілт сөздер:
вагон, теміржол, Қостанай облысы
Тақырып бойынша
Анкарадағы ірі апат: жүрдек пойыз рельстен шығып кетті
Қарағанды ​​облысында боран кезінде жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті
Шығыс Қазақстанда он екі вагон рельстен шығып кетті
Пойыз апаты: сақтандыру өтемақысын қалай алуға болады?
Пойыз апаты: министр автобуста қалып қойған әйелдің аты-жөнін жариялады  
 Архивтегі фото

Ақтөбе облысында ер адам өртеніп жатқан үйден жеті адамды құтқарды

4
(Жаңартылды 12:45 25.05.2020)
Өрт тұрғындар ұйықтап жатқанда, таңертең ерте шыққан. Көршілердің бір үйдегі адамдарды, оның ішінде жүкті әйел мен үш баланы өрттен аман алып қалды

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Ақтөбе облысының Темір ауданындағы Шұбарқұдық ауылында ер адам өрттен жеті адамды алып шықты, деп хабарлады төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Оқиға 23 мамыр күні таңғы бесте болған.  

Көрші тұратын Медет Қалмұханов өртті байқап қалып, өрт сөндірушілер келгенге дейін терезені сындырып, үйге кірген. Ер адам жеті тұрғынға сыртқа шығуға көмектескен, олардың үшеуі бала, біреуі жүкті әйел.

Оқи отырыңыз: Үй отқа оранды - балаларды құтқарған астаналықтың аты-жөні айтылды 

"Қажет кезде қажет жерден табылғаныма өте қуаныштымын!", - дейді Медет.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімдері оқиға орнына төрт минут ішінде жеткен. 100 шаршы метрден астам үйдің шатыры мен дәліз отқа оранды. Өрт сағат 05.04-те ошауланып, 05.56-да сөндірілді.  

4
Кілт сөздер:
Ақтөбе облысы, өрт
Тақырып бойынша
Алматыда ірі тұрғын үй кешені өртенді – видео
"Көршілер айқайлады": Алматылық әйелін құтқару үшін отқа оранған үйге кіріп кеткен
Елордада өрт сөндірушілер коронавируспен күресуге көшеге шықты – видео
Кореяда адамдарды өрттен құтқарған қазақстандыққа күтпеген ұсыныс жасалды
Нұр-Сұлтанда балаларды жанып жатқан көліктен құтқарған ер адам марапатталды