Оқиға

Шымкент полициясы баланы қатыгездікпен соққыға жығуды тексеріп жатыр

© Sputnik / Табылды Кадырбековер адам
ер адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көзбен көрушілер ер адамды тоқтатудың орнына болған оқиғаны видеоға түсіріп тұрған

АСТАНА, 25 мамыр — Sputnik. Шымкент полициясы баланы қатыгездікпен соққыға жығу сәті түсірілген видеоның интернетте жариялану дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

Ведомствода атап өткендей, әлеуметтік желіде 25 мамырда бейтаныс ер адамның шамамен төрт-бес жасар баланы соққыға жығып жатқан сәті түсірілген бейне жарияланды.

Бұл дерек облыстық ІІД-нің сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тілімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы "Азаптау" бойынша тіркелген. 

"Шымкент қаласы ІІБ-нің Еңбекші бөлімінің қызметкерлері сотқа дейінгі тергеуді бастады. Полицейлер ер адамның жеке басын анықтап, оны жауапқа тарту бойынша шаралар жүргізілуде", — делінген хабарламада. 

Өңірлік бақтар таратқан видеода, бейтаныс ер адам баланың басынан ұрып жатыр. Бүлдіршін қатты жылап жатыр, алайда оқиға куәгерлері араша түсудің орнына болған оқиғаны видеоға түсірген. 


Жаңалықтар
0