Алматыда жүк көлігі аударылып қалды

Алматыда тауық еті мен жұмыртқа тиелген жүк көлігі аударылып қалды

82
(Жаңартылды 17:34 06.06.2017)
Тауық еті мен жұмыртқа тиелген контейнерлер жолда шашылып қалған

АСТАНА, 6 маусым – Sputnik. Алматыда жол апаты салдарынан жүк көлігі аударылып қалды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға оқиға куәгерлері. 

Жол-көлік апаты Рысқұлов пен Шәріпов көшелерінің қиылысында болған. Оқиға куәгерлері мен көлік жүргізушісінің  айтуынша, FAW қытайлық жүк көлігі Рысқұлов көшесімен батыс бағытта келе жатып, солға Шәріпов көшесіне бұрылмақ болған. Осы уақытта "Лада Гранта" шығыс бағытта келе жатқан. 

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жүк көлігі солға бұрылған кезде, "Лады" жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсі жанғанын қаперге алмай, жүк көлігіне барып соғылған. 

Жол апаты салдарынан  көлік аударылып, тауық еті мени жұмыртқа тиелген жүгі жарылған. 

Жағдайдың мән-жайын Алматы полициясы анықтап жатыр.

  • Рысқұлов-Шәріпов көшелерінің қиылысында Лады мен FAW соқтығысты
    Рысқұлов-Шәріпов көшелерінің қиылысында "Лады" мен FAW соқтығысты
    © Sputnik /
  • Рысқұлов-Шәріпов көшелерінің қиылысында Лады мен FAW соқтығысты
    Рысқұлов-Шәріпов көшелерінің қиылысында "Лады" мен FAW соқтығысты
    © Sputnik /
1 / 2
© Sputnik /
Рысқұлов-Шәріпов көшелерінің қиылысында "Лады" мен FAW соқтығысты

82
Загрузка...