қамауға алу

Алматы облысында ауылдық "Қазпошта" бөлімшесін тонаушылардың бірі ұсталды

43
Тескену кентінде "Қазпошта" бөлімінің меңгерушісіне бір топ ер адамдар шабуыл жасап, әйелді соққыға жығып, кассадан ірі мөлшердегі соманы тонап әкеткен

АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Алматы облысында "Қазпошта" ауылдық бөлімшесінің меңгерушісіне шабуыл жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі өңірлік ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Жетінші маусымда Еңбекшіқазақ ауданы Тескенсу ауылында белгісіз тұлғалар "Қазпошта" ауылдық бөлімшесінің меңгерушісіне шабуыл жасаған. Газ баллончигін пайдаланған ер адамдар әйелді соққыға жығып, 4 миллион теңгеге жуық ашқаны мен алтын бұйымдар ұрлап кеткен.  

Полицейлердің ақпаратына сәйкес, күдіктілердің бірі ұсталып, қамауға алынған. 

"Күдікті —1979 жылы туған Қапшағай тұрғыны. Біздің деректер базамызға сәйкес, ұсталған бұрын осыған ұқсас қылмыс бойынша жауапқа тартылған. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің "Тонау" бабы бойынша жалғасып жатыр", — деп хабарлады өңірлік ІІД баспасөз қызметінде. Полиция ұсталған ер адамның сыбайластарын іздестіріп жатыр. Зардап шеккен әйел аудандық ауруханада жатыр. 


43
Бала мен ойыншық

"Пышақпен қорқытып, видеоға түсірді": Жамбылда бала зорлығына қатысты іс дауға айналды

733
(Жаңартылды 09:29 24.09.2020)
Шағымданушы тараптың айтуынша, мектеп басшылығы ауызбастырық ұсынып, мәселені ушықтырмай, мәмілеге келуге шақырған

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Жамбыл облысындағы Көгершін ауылының тұрғыны өзінің кішкентай перзентін жергілікті жеткіншектер жабылып зорлаған деп шағымданды. Анасының айтуынша, онымен қоймай жәбір көрсеткендер мұндай сорақылықты таспаға түсіріп, қорқытқан көрінеді.

Бұл жайында анасы келесі күні ауладағы басқа балалардан естіпті. Тек, содан кейін ғана ол ұлынан бәрін тәтпіштеп сұрап алған, деп хабарлайды КТК арнасы.  

"Балам "артқы жағымнан осылай істеді" дейді. Неге ол жаққа бардың десем, "балалар пышақпен қорқытты. Сөйтті де видеоға түсірді, осыдан айтсаң, сені пышақтап өлтіреміз" деп айтыпты", - дейді жәбірленушінің анасы.

Жеті баланың анасы перзентін өткір затпен қорқытты дегенге сенеді. Себебі, өзі талай рет видеодағы жеткіншектің ауладағы балаларға пышақпен құқай көрсеткенін байқапты. Қазір ол да күдіктілер тізімінде. Әзірге олардың ешбірі кінәсін мойындаған жоқ. Ал мектеп басшылығы істі жылы жабуға жанталасып жүргендей.

Шағымданушы тараптың айтуынша, ауызбастырық ұсынған мектеп директорының орынбасары екен. Директордың өзі де бұл мәселені ушықтырмай, мәмілеге келуге шақырыпты.

Жәбірленушінің анасына білім мекемесінің басшылығы "бәрібір сенікі дұрыс болмай шығады, сен ештеңе істей алмайсың, дәлелдеген күнде де, балаларға іс қозғай алмайсың" деген көрінеді.

Ал директор бұлай айтпадым, дейді. Оның сөзінше, бұл жағдай екі көршінің араздығынан туындаған.

"Аудандық медбикелер тексеріп көрді, ондай жәбірлену әрекеттері болмаған. Балалар жай ғана ойнаған. Екі ата-ана бір-бірімен ұрсысып қалған. Бір-біріне жасаған істері осындай дауға айналып жатыр. Қазір полицияға алты балаға қатысты арыз жазылған. Ал азғындық жасалды делінген ұлын анасы қалаға сараптамадан өткізуге алып барған", - дейді Ақтоған орта мектебінің директоры Орындық Рысқұлова.

Полиция департаменті бұл мәселеге қатысты барлық қажетті сараптама тағайындалғанын айтады.

"Қыркүйек айында Т.Рысқұлов ауданының тұрғыны көршісінің баласы тарапынан кәмелетке толмаған ұлына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекет қолданылғаны туралы полицияға жүгінген. Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 121-бабы, 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - дейді Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Оқи отырыңыз: Бала зорлық-зомбылыққа ұшыраса, қайда хабарласу керек – "111" нөмірі қайта іске қосылды

Көп балалы ана "ұлымды зорлап, таспаға түсіріп қорлағандарға кешірім жоқ" дейді. Сондықтан да кінәлілердің бала деп бетіне қарамай, қатаң жазаға тарту керек деп санайды. Алайда бұл істің ақ-қарасы сараптамадан кейін белгілі болады.

733
Кілт сөздер:
Жамбыл облысы, бала құқығы, оқиға
Тақырып бойынша
Зорлық жасады деген күдікті Нұр-Сұлтандағы аурухананың аумағынан қашып кетті
Түркістан облысының әкімі өңірде неге зорлық жиілеп кеткенін түсіндірді
Алматыда зорлық-зомбылыққа арандатты деген күдікпен екі адам ұсталды
Балалар зорлық-зомбылығы үшін жазаны күшейту керек пе – президент кеңесшісі пікір білдірді
Тараздағы зорлық: тағы бір шенеунік қызметінен кетті
Архивтегі фото

Ұшақ Алматыны бір сағат айналып ұшты: Air Astana не болғанын түсіндірді

142
Қалада тәжірибелі нұсқаушылардың басшылығымен оқу-жаттығу өткен, ұшақ бортында жолаушылар мен бортсеріктер болмады

АЛМАТЫ, 23 қыркүйек – Sputnik. Сәрсенбіде Air Astana ұшағы бір сағат бойы Алматы аспанын айналып ұшты. Flightradar24 мәліметінше, әуе кемесі қаланы бірнеше рет айналған.

Әуе компаниясы бұл оқу-жаттығу екенін мәлімдеді.

"Алматы аспанын айналып ұшу кезінде аэродромдық дайындық жасалды, бұл жаңадан келген ұшқыштарға – курсанттар немесе ұшақтың басқа түрлерін басқарған ұшқыштарға арналған ұшу дайындығының бір бөлігі болып саналады", - деп түсіндірді Sputnik Қазақстанға Air Astana баспасөз қызметі.   

Аэродромдық дайындыққа "конвейерден" ретті ұшу (қонғаннан кейін ұшу-қону жолағында тоқтамай), схема бойынша Алматы әуежайы аймағында айналып ұшу, кейін қонып, екінші айналымға кету кіреді.

"Жолаушыларға жақындауға қорықтым": бортсерік басынан кешкен жағдайды айтып берді

Кадеттің дайындық дәрежесіне қарай, әр ұшқыш күніне төрт сағаттан алты сағатқа дейін ұшады.  

"Қазіргі таңда жаңа ұшқыштар көптеп келіп жатқанына байланысты мұндай оқу-жаттығу айына 2-4 мәрте өткізіледі", - деп атап өтті Air Astana.  

Мамандар оқу-жаттығу тәжірибелі нұсқаушылардың басшылығымен өтетінін баса айтты. Сонымен бірге бортта жолаушылар мен бортсеріктер болмайды.  

142
Кілт сөздер:
Алматы, Эйр Астана, ұшақ
Ішік

Нұр-Сұлтан тұрғыны анасының миллион теңге тұратын ішігін ұрлап, 30 мыңға сатпақ болды

0
Мас ер адам өтіп бара жатқан адамдарға қаракүзен ішігін сатып алуды ұсынған – оны учаскелік инспектор ұстады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Алкогольге тәуелділіктен зардап шегетін ер адам анасының бір миллион теңге тұратын қаракүзен ішігін ұрлап алған.

Ол "Астаналық базардың" маңында өтіп бара жатқан адамдарға ішікті 30 мың теңгеге сатпақ болды, деп хабарлады Нұр-Сұлтанның полиция департаменті.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда қымбат телефонды ұрлап кеткен оқушының әрекеті видеоға түсіп қалды   

Тон ұстаған мас адамды учаскелік инспектор Бақтияр Байқанов байқап қалып, оны тергеу үшін полицияға жеткізген.

Нәтижесінде ішік заңды иесіне қайтарылды. Ол полиция қызметкеріне қырағылығы мен қызметтік міндетін адал атқарғаны үшін ризашылығын білдірді.   

0
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, ұрлық
Тақырып бойынша
Қарағанды облысында ұрланған көлік өртеніп кетті
Нұр-Сұлтанда қарақшылық шабуыл жасаған ағалы-інілі ұсталды
Талдықорғанда 35 жыл түрмеде отырған баукеспе ұры ұсталды
Сарыағашта ана мен баланың бірігіп жасаған қылмысы ашылды – видео