Оқиға

Бурабай қонақ үйінде өрттен қабырға құлап қалды

© Photo : скриншот видео очевидцаБурабайда қонақ үй өртеніп жатыр
Бурабайда қонақ үй өртеніп жатыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бурабай шипажайында қатты өрт болып, қонақ үй өртеніп кетті

АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Өрт Щучинск қаласының маңындағы қонақ үйлердің бірінде болды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Ақмола облысы ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Екі қабатты "Алатау" қонақ үйінде 18 маусым күні таңертең өрт шықты. 

Қонақ үй Щучинскіден тоғыз шақырым жерде орналасқан. Өрт сағат 06.43-те ауыздықталып, 08.35-те сөндірілді. 

"Өрт аумағы 40 шаршы метрді құрады. Өрт салдарынан 36 шаршы метр ауданда сыртқы қабырға құлады", — деді Sputnik-ке ТЖД. Құбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 


Жаңалықтар
0