Алғабас ауылындағы жол апаты

Алматыда жол апатынан әйел адам сәбиімен зардап шекті

30
Алғабас ауылында кептелістен тез өтіп кету үшін қарсы бетке шыққан жеңіл көлік жол апатына ұшыраған

АСТАНА, 23 маусым — Sputnik. Алғабас ауылында жол апатынан әйел адам сәбиімен зардап шекті, деп хабарлады құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Жол апаты Ақсай көшесі бойында Рысқұлов даңғылынан жоғары қарай болған. Куәгерлердің айтуынша, DAEWOO Nexia мен Toyota Camry солтүстік бағытта келе жатады, ал Toyota Corolla Ақсай көшесі бойымен оңтүстік бағытта. 

Corolla жүргізушісі кептелістен тез өтіп кеткісі келіп, қарсы беттік қозғалыс жолағына шығады да, бар жылдамдықпен Nexia көлігіне соғылады. 

Аялдап қалған DAEWOO көлігін Toyota Camry 40 арт жақтан қағады. 

Салдарынан Toyota Camry көлігінде болған әйел адам мен он айлық сәби зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды. Полиция болған оқиғаны анықтауда.

  • Алғабас ауылындағы жол апаты
    Алғабас ауылындағы жол апаты
    Sputnik
  • Алғабас ауылындағы жол апаты
    Алғабас ауылындағы жол апаты
    Sputnik
  • Алғабас ауылындағы жол апаты
    Алғабас ауылындағы жол апаты
    Sputnik
1 / 3
Sputnik
Алғабас ауылындағы жол апаты
30