жүк көлігі

Алматы сауда үйінің тұрағында ішінде тауары бар жүк көлігі өртеніп кетті

8
Түркияның тауары тиелген жүк көлігі Mart Village сауда үйінің маңындағы тұрақта өртеніп кетті

АСТАНА, 23 маусым — Sputnik. Түрксіб ауданындағы Алматы-1 темір жол вокзалы аумағындағы сауда үйінің маңында жүк көлігі өртенді. 

Sputnik Қазақстанға құқық қорғау органдарындағы дереккөзі хабарлағандай, оқиға Mart Village сауда орталығына жақын аумақта орын алды. Оқиғаға куәгер болған жол полиция қызметкерінің айтуынша, Mercedes маркалы жүк көлігі сауда орталығының аумағына кіріп бара жатқанда троллейбус сымдарына тиіп кеткен. Ұшқыннан ішінде түрік тауарлары болған кузов өртеніп кетті.

Жүргізуші алдымен тұтануды байқамай тұраққа кірді. Кузов толық өртенді, зардап шеккендер жоқ. Барлық мән-жайды анықтаумен Алматы полициясы айналысатын болады. 


8