Оқиға

Алматы облысында полиция көлігіне дәрет сындырған ер адам анықталды

© Photo : ДВД Астаныжол патруль полициясы
жол патруль полициясы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицияның намысына тиетін әрекеттері құқық бұзушы "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша жауапқа тартылды

АСТАНА, 25 маусым — Sputnik. Алматы облысында патруль көлігіне дәрет сындырған әрекетін суретке түсірген ер адамды тауып, жеке басын анықтады. Жас жігіттің полиция көлігінің капотында жөнсіз әрекет жасап жатқан сәті түсірілген сурет әлеуметтік желіде жарияланды. 

Бұл әрекет шамдарына тиген полиция қызметкерлері бұзақыны фотосессия күні ұстап алды. 

"Ол ер адамға қатысты әкімшілік іс сотқа жіберілді. Оған ҚР ӘҚтК" 434-бабының 1-бөлімі "Ұсақ бұзақылық" бойынша айып тағылды", — деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Алматы облысы ІІД ресми өкілі Айман Мырзекова. 

Полицейлердің сөзіне қарағанда, ер адам кіші дәрет сындырмаған, тек сондай кейіп танытқан. 

"Ол жай ғана сондай көрініс жасаған және жауап алу кезінде кешірім сұрады", — деді Айман Мырзекова. 

Жаңалықтар
0